В Актобе празднуют 50-летие Военного института Сил воздушной обороны имени дважды Героя Советского Союза Т. Я. Бегельдинова

Әуе қорғанысы күштерi Әскери институты жартығасырлық мерейтойын атап өтті  Ақтөбеде екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерi Әскери институтының 50 жылдығы тойлануда. Жартығасырлық мерейтойға жоғары оқу орнының бірнеше жылғы түлектері және құрметті қонақтар жиналды. Олардың арасында Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері – авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров пен ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы Дәурен Қосанов бар.  Әскери институтты осы уақытқа дейін 5000-нан астам түлек тәмамдаған. Олар Қазақстанның, ТМД елдері мен алыс-жақын шет елдердің авиация саласын дамытуға өз үлестерін қосуда. Ал еліміздегі Авиациялық басшылық құрамның 80%-дан астамы - осы оқу орнының түлектері.

«Қызметтеріңіз қашан да құрметке лайық. Орта Азиядағы жалғыз әскери институттың қасиетті Ақтөбе төрінде орналасқандығы кеудемізге мақтаныш сезімін ұялатады.  Президентмемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру – негізгі стратегиялық мақсатымыздың бірі және ол туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі деген болатын. Институтты материалдық-техникалық жағынан нығайту мақсатында әскери қызметкерлер жатақханасын жөндеу және Мәртөк ауданы аумағында орналасқан оқу-жаттығу ғимараттарын газбен жабдықтау мәселесі қарастырылуда»,- деді облыс әкімі.  Асхат Шахаров табиғи апат кезінде әскери институттың мамандары әуе кемелерімен халықты құтқару, эвакуациялау және жол қатынасы үзілген елді мекендерге гуманитарлық көмекті жеткізу жұмыстарына көмек көрсеткенін атап өтті. Еске салайық, су тасқынында әуе кемелерінің көмегімен 35 адам құтқарылып, 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды және 150 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.  Мерейтойлық шарада өңір басшысы институттың 7 әскери қызметшісіне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тақты. Салтанатты кештің соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 

ВИСВО отметил полувековой юбилей  В Актобе празднуют 50-летие Военного института Сил воздушной обороны имени дважды Героя Советского Союза Т. Я. Бегельдинова. На торжество по случаю юбилея собрались высокопоставленные гости и выпускники вуза разных лет. Среди приглашенных гостей народный герой, первый казахский космонавт, генерал-майор авиации Токтар Аубакиров и главнокомандующий СВО Вооруженных Сил Республики Казахстан Даурен Косанов.  На сегодня военный институт окончили свыше 5000 выпускников. Многие из них трудятся в авиации не только Казахстана, но и стран СНГ и дальнего зарубежья. Более 80% сотрудников, занимающих руководящие должности в сфере авиации, являются выпускниками этого учебного заведения.

«Ваши заслуги всегда достойны уважения. Мы гордимся тем, что единственный в Центральной Азии военный институт расположен в городе Актобе. Как отметил Президент страны, повышение обороноспособности Казахстана является одной из стратегических задач в целях защиты родины. Со своей стороны мы оказываем всяческую поддержку в плане оснащения материально-технической базы вуза. Так, рассматривается вопрос ремонта общежития для военнослужащих и газоснабжения учебных корпусов, расположенных в Мартукском районе»,- сообщил аким области.  Асхат Шахаров отметил, что во время стихийного бедствия курсанты и преподаватели военного института оказали помощь в спасении и эвакуации населения авиацией и доставке гуманитарной помощи в пострадавшие населенные пункты. Напомним, во время паводка с помощью авиации были спасены 35 человек, эвакуировано более 3 тысяч человек и доставлено 150 тонн гуманитарной помощи.  На праздновании юбилея аким области наградил 7 сотрудников военного института нагрудными знаками «За заслуги перед регионом».  В завершении торжества прошла концертная программа.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 139
Категория: 
�����