В селе Кемер Актюбинской области завершено строительство домов

 

Су тасқыны: Ақтөбенің Кемер ауылында үй құрылысы аяқталды  Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Кемер ауылында 2 тұрғын жаңа баспанаға қоныс аударды. Мұндағы құрылыс маусымда басталып, 2 ай 10 күнде аяқталды. Саралжың ауылдық округінің әкімі Марат Тәжіғалиевтің айтуынша, тасқын кезінде Бестамақ, Ақкемер және Кемер ауылдарында барлығы 23 үйге су кіріп, барлығы жарамсыз болып қалды. Маусымда үш ауылда құрылыс жұмысы басталып, Кемер ауылының бір, Ақкемер ауылының 2 отбасы аудан орталығына көшуге шешім қабылдаған. Бүгінде үш ауылда барлығы 20 үй салынды.

- Ақкмер ауылында 16 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оны келер аптада қолданыс береміз. Бестамақ ауылындағы үйді сенбі күні аяқтап, иелеріне кілтті табыстаймыз. Ал Кемер ауылында екі отбасы жаңа үйге қоныстанды. Ауылдағы адамдар біржолғы төлемді алды, мүлік шығыны өтелді. Ауылда үйді жөндеген ешкім жоқ. Су кірген үйлер тұруға жарамыз болып қалды,- Саралжың ауылдық округінің әкімі Марат Тәжіғалиев. Баспаналы болған Кемер ауылының тұрғыны Бекбол Жаниязовтың айтуынша, су үйге 28 наурыз күні кірген. Сол күні-ақ оның баспанасы құлап қалды.

- Біз үйіміз жарамсыз болып қалған соң пәтер жалдап тұрдық. Өзім ауылда су шаруашылығында слесарь болып жұмыс істеймін. Сондықтан үйдің де осы ауылда салынғанын қаладым. Бізге кеше баспанамыздың кілтін табыс етті. Құрылыс жұмыстары кезінде күнде қарап, көріп жүрдім. Үйім жақсы, құрылысы көңілімнен шықты. Бұрынғы үйімнің де ауданы 80 шаршы метрдей болатын. Ол бірақ саманнан салынған,- деді Бекбол Жаниязов.  Сондай-ақ оның көршісі Дархан Хасенов те баспаналы болды. 

- Отбасында үш жанбыз. Қаладан ауылға 2012 жылы көшіп келіп, бір жылдан соң шаруашылық аштым. Асыл тұқымды ірі қара бағып отырмын. Ауылға түн ішінде су кіріп, тек бір киіммен ғана шығып үлгердік. Содан тума-туыстың, таныстың үйін жағалап, шаруашылық басына көшіп кеттік. Қазір де сондамыз. Жаңа үй кеше ғана берілді. Құрылысы жақсы жүргізілген, сапалы. Биыл электр тогы арқылы жылытамыз, ал келер жылы газ беріледі деп үміттеніп отырмыз,- деді ауыл тұрғыны Дархан Хасенов. Тасқын кезінде 17 бас ірі қара мен жылқы шығыны болды. Шаруа шығынының бір бөлігі өтелген.  Еске салсақ, Ойыл ауданында 328 үйге су кіріп, оның 307-сі апатты деп танылды. Ауданда барлығы 176 үй салынып жатыр.

В селе Кемер Актюбинской области завершено строительство домов  Две семьи из села Кемер Уилского района Актюбинской области переехали в новые дома. Строительство домов для пострадавших от паводка здесь началось в июне и завершилось спустя 2 месяца и 10 дней. По словам акима Саралжинского сельского округа Марата Тажигалиева, во время паводка в селах Бестамак, Аккемер и Кемер в общей сложности были затоплены 23 дома, все они признаны аварийными. В июне в трех селах начались строительные работы. На сегодня построено уже 20 домов. Только одна семья из села Кемер и две семьи из села Аккемер решили переехать в райцентр.

«В Аккемере завершается строительство 16 домов. Их планируется сдать на следующей неделе. В субботу достроим дом в селе Бестамак и передадим ключи владельцу. В Кемере на днях в новые дома заселились две семьи. Сельчане, пострадавшие от паводка, получили единовременные выплаты и компенсации за пострадавшее имущество. В селе нет домов, которые надо было ремонтировать. В те дома, куда зашла вода, пригодны для проживания»,- рассказал аким Саралжинского сельского округа Марат Тажигалиев. Один из новоселов – житель села Кемер Бекбол Жаниязов вспоминает, что дом его затопило 28 марта. В тот же день жилое строение рухнуло.

«Мы сняли на время жилье. Сам я работаю слесарем в водном хозяйстве в селе. Потому мы решили остаться здесь. Вчера нам дали ключи от нашего нового дома. Пока шло строительство мы ходили смотрели за работой. Дом у нас хороший, всем довольны. Старый дом у нас был из самана и площадью около 80 квадратных метров»,- говорит Бекбол Жаниязов.  Его соседом стал Дархан Хасенов.

«Нас в семье трое. Переехал из города в село в 2012 году и через год занялся животноводством. Развожу породистый скот. Вода пришла в село ночью, и нам удалось захватить только кое-что из одежды. Нас приютили родственники, у которых мы жили все это время. Ключи от нового дома нам дали вчера. Строительство выполнено добротно, качественно. В этом году будем отапливать электричеством, а в следующем году надеемся, что проведут газ»,- делится Дархан Хасенов.  Напомним, в Уилском районе было затоплено 328 домов, из них 307 признаны аварийными. Всего в районе строится 176 домов.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 137
Категория: 
�����