Су тасқыны: Әйтеке би ауданында зардап шеккендердің барлығы үйлі болды Салынған 26 тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімі аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылында өтті. Жергілікті тұрғындардың қуанышына аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев, Bi Group компаниясы мен мердігер компаниялардың өкілдері ортақтасты. Аудан басшысы құттықтау сөзінде жерлестеріне түсіністік танытқандары үшін, сондай-ақ, мердігер компанияларға аз уақытта сапалы нәтиже көрсеткені үшін алғысын жеткізді. Өз кезегінде мердігерлер мен Bi Group компаниясы атынан әйтекебилік жаңа қоныс иелеріне тұрмыстық техникалар сыйлыққа берілді. Тұрғындар өз кезегінде құрылыстың уақытылы және сапалы аяқталғаны үшін ризашылығын білдірді. Әйтеке би ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау шаралары жан-жақты жүргізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық тұрғын тиісті көмек алып, баспанамен қамтылды. Ауданда 150-ге жуық арыз түсіп, комиссияның техникалық бақылауы нәтижесінде, 64 жөндеу жұмыстарына тиісті қаражаты бөлінді. 51 үй тұруға жарамсыз деп танылды. Соның ішінде, 25 отбасы Б.Өтемұратов қорының қолдауымен екінші нарықтағы үйді алуға ынта білдіріп, осыдан 2 ай бұрын баспаналы болса, қалған 26 тұрғын жаңа үй салуды таңдаған еді. Тұрғын үй құрылысына 751,4 млн. теңге жұмсалды.
Всех пострадавших от паводка в Айтекебийском районе обеспечили жильем В районном центре - селе Темирбека Жургенова прошла церемония вручения ключей от новых домов. Радостное событие вместе с местными жителями разделили аким Айтекебийского района Даулетияр Тугузбаев, представители стройкомпании Bi Group и подрядных организаций. В поздравительной речи аким района выразил благодарность сельчанам за понимание и терпение, а также компаниям-подрядчикам за построенное в сжатые срокикачественное жилье. От подрядчиков и стройкомпании Bi Group новоселам была передана в дар бытовая техника. Жители, в свою очередь, выразили благодарность за построенные для них комфортные дома. Мероприятия по поддержке пострадавших от весенних паводков в Айтекебийском районе были проведены комплексно. Согласно поручению Главы государства все жители получили соответствующую помощь и были обеспечены жильем. По району от пострадавших жителей поступило около 150 заявок, по результатам технической оценки комиссии выделены средства на ремонт 64 домов. 51 дом признан непригодным для проживания. Из них для 25 семей по их желанию при поддержке Фонда Б. Утемуратова были приобретены дома на вторичном рынке. Все они получили жилье 2 месяца назад, а остальные 26 жителей предпочли получить новый дом. На строительство домов было выделено 751,4 миллиона тенге.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi