В Актюбинской области обсудили меры безопасности в отопительный период

Ақтөбе өңірінде жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі мәселелері қаралды Облыс әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен өткен аппарат жиынында жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары мәселесі қаралды. Ақтөбе облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығы Қахарман Оразалин 2023-2024 жылдағы жылыту маусымы уақытында тұрғын үй секторында 125 өрт болғанын мәлімдеді. Өрт салдарынан 3 адам қайтыс болып, 7 адам зардап шекті, оның біреуі – бала. Үш адам, оның ішінде екі бала улы газға тұншығып, тағы бір адам қайтыс болған. Барлық қайғылы оқиға өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу себебінен туындап отыр.  Сонымен бірге былтырғы жылмен салыстырғанда өрт саны мен өрттен зардап шеккен және қайтыс болғандар 40 пайызға қысқарды. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тұрғындар арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үй секторларында рейдтер тұрақты ұйымдастырылады. 14 тамыздан мекеме қызметкерлері алдын ала аулалар бойынша аралауды бастады. Сондай-ақ тұрмыстық газбен жабдықтаудың жаңа жүйелері 10,5 мың өртке қарсы әрекет ету датчиктерімен қамтылды.  Тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды бөлшек сатуды жүзеге асыратын газ құю станциялары ерекше бақылауға алынды. Бұл жерлерде төтенше жағдай департаменті басшысының айтуынша, тұрмыстық баллондардың тиісті техникалық жағдайы қамтамасыз етілуге міндетті.  Облыс бойынша 23 әлеуметтік нысандардың газ қазандықтары ғимараттардың ішінде орналасқан. Олардың ішінде 17 мектеп, 1 медициналық мекеме, 1 мәдени және 4 спорттық ғимарат бар. Облыс әкімі қазандықтарды бұзып, оларды жеке ғимараттарға ауыстыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

«Қысқы жылыту маусымы ешқандай кедергісіз өтуге тиіс. Облыс әкімдігі тарапынан қолдау жасалып, қажетті қаржы бөлінді. Тұрғын үйлерде және әлеуметтік нысандарда апаттық жағдайлар туындамауы тиіс. Жауапты мекемелермен жұмыстың тиісті үйлесімін алдын ала белгілеп, жылыту маусымына әзірлік пен оның өтуіне бақылауды күшейту керек. Қысқы жылыту маусымы өңір тұрғындары үшін ең маңызды мәселе екенін тағы да ескертемін. Қателік жіберілген жағдайда мекемелердің барлық басшыларының жеке жауапкершілігі қаралады»,— деп тапсырды облыс әкімі басқармалардың басшыларына.

В Актюбинской области обсудили меры безопасности в отопительный период На аппаратном совещании с участием акима области Асхата Шахарова рассмотрели вопрос по мерам пожарной безопасности в отопительный сезон. Начальник департамента по ЧС Актюбинской области Кахарман Оразалин рассказал, что за отопительный период 2023-2024 года произошло 125 пожаров в жилом секторе. В результате возгораний погибло 3 человека, пострадало 7 человек, в том числе 1 ребенок. Отравились угарным газом трое, двое из которых дети, еще один человек погиб. Все несчастные случаи произошли по причине нарушения требований пожарной безопасности.  Вместе с тем, в сравнении с прошлым годом число возгораний и число погибших и пострадавших в пожарах людей сократилось на 40%. Сотрудники ДЧС проводят масштабную разъяснительную работу среди населения. Регулярно организуются рейды в жилых секторах. С 14 августа работники ведомства приступили к предварительному подворовому обходу. Также новые системы бытового газоснабжения снабжены 10,5 тысячами датчиками реагирования на возгорание.  Под особый контроль взяты газозаправочные станции, осуществляющие розничную продажу сжиженного газа в бытовых баллонах. Последние, по словам начальника ДЧС, обязаны обеспечивать надлежащее техническое состояние бытовых баллонов.  По области 23 социальных объекта имеют газовые котельные, расположенные внутри зданий. В их числе 17 школ, 1 медучреждение, 1 объект культуры и 4 спортивных сооружения. Аким области поручил провести работу по демонтажу котлов и переносу их в отдельные здания.

«Зимний отопительный сезон должен быть проведен без эксцессов. Областным акиматом была оказана поддержка и выделены необходимые средства. В жилых домах и социальных объектах не должно возникать аварийных ситуаций. Следует разработать соответствующий алгоритм работы с ответственными учреждениями и усилить контроль за подготовкой и прохождением отопительного периода. Еще раз напоминаю, что зимний отопительный сезон – самый актуальный вопрос для жителей региона. В случае ошибок будет учитываться личная ответственность всех руководителей учреждений»,- поручил аким области руководителям всех управлений.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 95
Категория: 
�����