Сельский предприниматель строит дома для работников

Хромтау ауданының тұрғыны мүгедектігіне қарамастан кәсіп ашып отыр  Мүгедектік кәсіп ашуға кедергі емес. Ақтөбе облысының Хромтау ауданы тұрғыны Серік Оразымбетов қол арбаға таңылғанына қарамастан шаруа қожалығын ашып, шағын бизнесін де дөңгелетіп отыр. Серік Оразымбетов, кәсіпкер:

- Хоббиім менде, шынымды айтсам, еңбекқорлық. Жұмыстан басқа дым білмеймін. Қыдыруды білмеймін. Тек осында жүре бергім келеді. Қазір мына сіздерден кейін шөп шабуға барамын, одан кейін егінге барам, малға барамын. Жүру менікі. Осыған да үйреніп қалдық. Бұдан басқа қазір менің үйде ішім пысады. Отыра алмаймын. Бұл жұмыстың өзі маған, халықпен жүріп жатқан ұнайды.

Ырғыз ауданынан сатып алған бір отар еділбай қойының саны бүгінде 8 мыңнан асқан. Биыл 6 мың гектар жерге дән де сеуіп, егін оруға қызу дайындық та жүріп жатыр. Аталған істердің басы-қасында жүрген еңбекқор жан 40-қа жуық маманды жұмыспен қамтыған. Ісіне адал азаматтарға науқан аяқталған соң жаңа баспана үлестіріледі. Серік Оразымбетов, кәсіпкер:

- Механизатор, шопандарға берілетін үйлер. Шаршы метрі 140 бар. Ішінде әжетханасымен, ваннасымен, бүкіл нәрсесімен. Содан соң мына көше түскеннен кейін заборы салынады, арғы жағында қорасы болады. Енді бұл ауыл болған соң мал ұстайтын. Мақсатым – енді осы ауылды көтеру.

Серік Оразымбетов 90-нан астам түтіні бар Оңғар ауылында тағы да 10 баспана салуды жоспарлап отыр. Содан соң мәдениет үйі ғимаратына кіріспекші. Тоқсаныншы жылдардан кейін тоқырауға тап болған ауылдың шаруа қожалығы ашылған соң ажары түрлене түскенін тұрғындар да мойындап отыр. Ғалия Мырзаханова, Оңғар ауылының тұрғыны:

- Көшенің сәні кіріп қалды ғой. Қанша үй салып жатыр. Өзімнің ағаларым да жұмыс істеп жатыр. Шүкір осылай ауылымыз өсіп жатқанына, өніп жатқанына. Жұмыс ашылады. Бұйырса, жол салынады. Оған да ризамыз. Қуаныштымыз. Айрандай ұйып отырған ауылда қазір жұмыссыз жүрген жан жоқ. Бұл жайт ел ішіне таралған соң көшіп келушілер қатары да артқан.

Ербол Аққұлов, Дөң ауылдық округінің әкімі: - Қаладан көшіп келіп жатқандар да бар. Соңғы үш жылда 10 отбасы келді. Хромтаудан келгендер қазір үй салып жатыр. Құрылыс аяқталған соң Оңғар ауылына қоныстанады.

 Серік Оразымбетов білікті маманның далада қалмайтындығына сенімді. Кәсіпкер төрт түлік бағып, егін егіп қана қоймай, болашақта шикізатты өңдеуді де қолға алмақшы. Ауылда шағын ет комбинатын ашу жоспарда бар. Әзірге мал экспортын жолға қойған. Мәселен былтыр 4 мың бас тоқтыны Иранға жөнелтті.

Сельский предприниматель строит дома для работников  Инвалидность – не помеха самореализации. Это на своём примере доказывает житель села Онгар Актюбинской области Серик Оразымбетов. Он успешно ведёт бизнес и развивает сельское хозяйство уже шестой год. Предприниматель даже строит в селе 10 домов для своих сотрудников – механизаторов и чабанов.  Серик Оразымбетов 15 лет трудился на шахте. После аварии он лишился возможности ходить. Работу пришлось оставить. Но сидеть на месте мужчина не хотел. Спустя время он взялся за стройку кемпинга на участке международной трассы, затем открыл крестьянское хозяйство. Теперь практически каждый день Серик Оразымбетов проводит за рулём. Серик Оразымбетов, предприниматель: - Моя работа – это моё хобби. Я трудоголик. После встречи с вами поеду на сенокос, потом на поле и после к отаре. Привык к этому. Дома мне скучно, не могу сидеть без дела.

Начинали в хозяйстве с тысячи овец, сейчас поголовье выросло до 8 тысяч. Зерновыми в этом году засеяли 6 тысяч гектаров. Здесь трудятся 30 человек. Для работников хозяйства предприниматель строит в селе 10 домов. Серик Оразымбетов, предприниматель: - Эти дома предназначены для механизаторов, чабанов. Они по 140 квадратов, со всеми удобствами. После того как уложат асфальт на этой улице, поставим заборы, во дворах обязательно будут хозпостройки. Это же село, поэтому люди будут держать скот. Моя цель – развивать родное село.

После того как будут заселены новые дома, Серик Оразымбетов планируют возвести ещё столько же и начать строительство дома культуры.  В планах у Серика Оразымбетова увеличить поголовье и посевные площади, построить убойный цех, а также нарастить экспорт. В прошлом году он отправил в Иран около 4 тысяч ягнят.

Источник: «24.kz»

 

 

 

Просмотров: 109
Категория: 
�����