Руководитель управления по вопросам молодежной политики Мирхан Ермаганбетов рассказал о том, как решается вопрос обеспечения студентов общежитиями

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетов студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі туралы баяндады. Облыста қазіргі уақытта 4 жоғары оқу орны бар. Жалпы алғанда биылғы жылы оларда 22 270 студент білім алады, оның 20 200-і күндізгі оқу формасымен қамтылған. Әрбір жоғары оқу орнының өз жатақханалары бар.  Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеттегі 2200 орындық 4 жатақхананың барлығы да қазіргі уақытта студенттерді қабылдауға дайын. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі 5 жатақхана 2056 орынға есептелген. Пацаев және Тургенев көшелері бойында орналасқан жатақханаларда жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыс аяқталғаннан кейін ғана студенттер қабылданады. С.Бәйішев атындағы университетте 204 орындық 1 жатақхана, Қазақ-Ресей халықаралық университетінде 120 орындық 2 жатақхана жұмыс істейді. Жеке жоғары оқу орындарындағы барлық жатақхана жаңа оқу жылына толығымен әзір, оларда ағымдағы жөндеу жүргізілді.

«Былтыр бізде жатақханаларда 4580 орын болды, оларда 3770 адам тұрды. Студенттер үшін орын жеткілікті болды. Жатақханада тұрғысы келіп өтініш берген жастар тиісті орындармен толығымен қамтамасыз етілді»,— деп атап өтті Мирхан Ермағанбетов.  Бұдан басқа Ақтөбеде «Эрудит бизнес», «Salem space» және «Skyfall» жеке студенттер үйі ашылды. Өткен жылы оларда 180 студент тұрды.

Руководитель управления по вопросам молодежной политики Мирхан Ермаганбетов рассказал о том, как решается вопрос обеспечения студентов общежитиями. В Актюбинской области действуют четыре вуза. В общей сложности в этом году там будет обучаться 22 270 студентов, в том числе 20 200 студентов по очной форме обучения. У каждого вуза есть свои общежития.  В региональном университете имени К. Жубанова - 4 общежития на 2200 мест. Все они уже готовы к приему студентов. В ЗКМУ имени М. Оспанова - 5 общежитий на 2056 мест. Однако в общежитиях, расположенных по улицам Пацаева и Тургенева, начались ремонтные работы. Заезд в них начнется только по окончании работ. Университет имени С. Баишева имеет 1 общежитие на 204 места, а Казахско-русский международный университет – 2 общежития на 120 мест. Все общежития в частных вузах полностью готовы к новому учебному году, проведен текущий ремонт.

«В прошлом году в общежитиях проживало 3770 человек при наличии 4580 мест. Мест для студентов было достаточно. Молодые люди, подавшие заявку на размещение в общежитиях, были полностью обеспечены спальными местами»,- отметил Мирхан Ермаганбетов.  Кроме того, в Актобе открыты частные Дома студентов «Эрудит бизнес», «Salem space» и «Skyfall». В прошлом году в них проживало 180 студентов.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 108
Категория: 
�����