ТОО «Лидер инвест групп» ведет строительство защитной дамбы в селе Копа

Қазіргі уақытта «Лидер инвест групп» ЖШС Қопада қорғаныс бөгеті құрылысына кірісіп кетті. Ұзындығы 3 километр, биіктігі 2 метрді құрайтын гидротехникалық құрылыс осы күзде пайдалануға берілмекші. Жұмысты жеделдету үшін мердігерлік ұйым 20-дан астам машина, 2 жүк тиегіш, экскаватор, 2 автогрейдер, басқа да қажетті техниканы іске қосты. Бұл бөгет 48 үйі бар, онда 200-ден астам адам тұратын Қопа селосын су тасқынынан қорғайды. Аталған бөгет көктемгі су тасқынында ағынды суды ұстап тұрды, бірақ енді күрделі жөндеуді қажет етеді.    Шұбарқұдықта қорғаныс бөгеті құрылысы бойынша да жұмыстар басталды. Ол теміржол бойында орналасқан. «Stroy master elite group» ЖШС ұзындығы 860 метр, биіктігі 2 метр бөгет салады. Келешекте Құмсай селосында, Шұбарқұдық ауылының Задепо аумағында, Еңбекші селосынан Шығырлықұм өзені бойымен, Бабатай селосы жағынан Бабатай өзенінде бөгеттер құрылысын жүргізу көзделуде және Шұбарши бөгетіне күрделі жөндеу жасалмақшы. Бұл жұмыстарды атқаруға 1,2 млрд. теңге бөлінді. Жобалар қазір сараптамадан өткізілуде.

В настоящее время ТОО «Лидер инвест групп» ведет строительство защитной дамбы в селе Копа. Гидротехническое сооружение длиной 3 километра и высотой в 2 метра планируют сдать этой осенью. Для ускорения работ подрядная организация задействовала в работе свыше 20 машин, 2 погрузчика, экскаватор, 2 автогрейдера и другую необходимую технику. Эта дамба защитит от паводка село Копа, где насчитывается 48 домов и проживают свыше 200 человек. Стоит отметить, что весной дамба устояла от напора прибывающей воды, но нуждалась в капитальном ремонте.    Начались работы и по строительству защитной дамбы в Шубаркудыке. Она расположена вдоль железной дороги. ТОО «Stroy master elite group» построит сооружение длиной 860 метров и высотой в 2 метра. В перспективе намечено строительство защитных дамб в селе Кумсай, в районе Задепопоселка Шубаркудык, вдоль реки Шыгырлыкум от села Енбекши, на реке Бабатай со стороны села Бабатай и капитальный ремонт Шубаршинской защитной дамбы. На эти цели выделено 1,2 млрд. тенге. Проекты сейчас проходят экспертизу.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 140
Категория: 
�����