Полицейские обсудили вопросы состояния преступности среди несовершеннолетних вместе с педагогами

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП

Полицейлер жасөспірімдер арасындағы қылмыстың жай-күйін педагогтар құрамымен бірге талқылады

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, олардың алдын алу бойынша қабылданған шаралар және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Ақтөбе облысы полиция департаментінің және білім басқармасының басшылығы өңірдегі білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында жасөспірімдер қылмыстарының жай-күйі мен себеп-салдарын талдай отырып, тәртіп сақшылары қылмыс жасауға бейім жасөспірімдерді әлеуметтендіру, білім басқармасымен бірлесе отырып, еңбек еткісі келетін балаларды ақысы төленетін жұмыспен қамту, мектептердің күзетін күшейту, балаларға қатысты зорлық фактілерін уақтылы анықтау бойынша ұсыныстар білдірді. Ақша тапқысы келген жастардың синтетикалық есірткінің таратуға тартылуы және балалардың жол-көлік жарақаттылығы, өңірдегі мұғалімдердің интернет-алаяқтарға алдануы сияқты қоғамдағы өзекті мәселелер де полицейлер назарынан тыс қалған жоқ.
Сондай-ақ кездесу барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов ұйымдасқан топтармен балаларды алып жүруді ұйымдастыру алгоритмін жеткізді. Спикер өтінім беру тәртібі, көлік құралына қойылатын талаптар туралы айтып берді.
Шара соңында полиция қызметкерлері жастардың болашағы жарқын, қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қол сұғушылықтардан аулақ болуы мақсатында ата-аналар мен білім беру ұйымдарын ынтымақтастықта жұмыс жасауға, балаларды әрдайым назардан тыс қалдырмауға шақырып, полицияның көмекке келуге және өзара іс-қимыл жасауға әрдайым дайын екенін жеткізді.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

Полицейские обсудили вопросы состояния преступности среди несовершеннолетних вместе с педагогами

С целью обсуждения состояния преступности среди несовершеннолетних, принимаемых мерах по их профилактике, а также актуальных вопросов в сфере обеспечения безопасности детей, руководство департамента полиции и управления образовании Актюбинской области встретились с директорами учебных заведении.
В ходе встречи стражи порядка рассказали о состоянии преступности в регионе среди молодежи, их причинах и последствих, озвучили предложения по разработке методики по раннему выявлению (распознаванию) насилия в отношении детей, по ресоциализации несовершеннолетних ранее совершивших преступления, совместно с управлением образования проработать вопрос о приобщении входящих в группу риска детей к оплачиваему труду, усилению охраны школ. Не остались без внимания полицейских и такие актуальные в обществе вопросы, как вовлечение молодежи к распространению синтетических наркотиков и дорожно-транспортный травматизм детей, а также вопросы интернет-мошенничества, жертвами которых часто становится педагоги в регионе.
Также в ходе встречи начальник Управления местной полицейской службы Айдос Кулжанов довел алгоритм организации сопровождения детей организованными группами. Спикер рассказал о порядке предоставления заявки, требованиях предъявляемые транспортному средству.
В завершение мероприятия сотрудники полиции призвали педагогов к активному сотрудничеству, просили не оставлять детей без внимания, вместе создать благоприятные и уютные условия для жизни и светлого будущего детей и подчеркнули готовность полиции к взаимодействию и всегда прийти на помощь.

Источник.https://www.instagram.com/p/C_A5kpnMOzq/?img_index=1

Просмотров: 114
Категория: 
�����