Асхат Шахаров осмотрел место строительства учебного учреждения, а также посетил действующую школу в Оймауыте

Асхат Шахаров оқу орны салынып басталған құрылыс алаңын қарап, Оймауыт ауылындағы жұмыс істеп тұрған мектепке барды.«Біз үшін облыстың әрбір елді мекенінде жақсы өмір сүру жағдайын жасау маңызды. Байғанин ауданында газбен жабдықтау мәселесі шешілуде. Осы мақсатқа барлығы 8 млрд теңге бөлеміз. Қазір Қаражар ауылында жеткізуші және ауылішілік газ құбыры салынуда. Содан кейінгі кезек – Оймауытта. Біз ауданда барлығы 9 елді мекенді газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Мектеп-балабақша салу, интернетпен қамтамасыз ету мәселесін де шешеміз. Қазір Миялыдан Оймауытқа дейінгі жол салынып жатқанын білесіздер, жұмыстар келесі жылы аяқталады. Клуб демеушілік қаражат есебінен салынады. Демеуші - «ҚазақОйл» компаниясы. Олар қазірдің өзінде 80 орындық жаңа клуб салуға 200 млн теңге бөлді. «Қазір жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Жұмысты келер жылы бастаймыз. Шешілмейтін мәселе жоқ»,- деді облыс әкімі жергілікті тұрғындарға.

Асхат Шахаров осмотрел место строительства учебного учреждения, а также посетил действующую школу в Оймауыте.  

«Для нас важно создать хорошие условия проживания в каждом населенном пункте области. В Байганинском районе решается вопрос с газоснабжением. Всего на эти цели выделяем 8 млрд тенге. Сейчас строится подводящий и внутрипоселковый газопровод в селе Каражар. Затем на очереди Оймауыт. Всего мы планируем обеспечить газом 9 населенных пунктов в районе. Вопрос со строительством школы-сада, обеспечением интернета тоже решим. Вы знаете, что сейчас строится дорога от Миялы до Оймауыта, работы завершатся в следующем году. Клуб будут строить за счет спонсорских средств. Спонсором выступает компания «Казахойл». Она уже выделила 200 млн тенге на строительство нового клуба на 80 мест. Сейчас готовится проектно-сметная документация. Работы начнем уже в следующем году. Нет нерешаемых проблем»,- заверил местных жителей аким области.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 140
Категория: 
�����