Миялинцы просили акима решить вопрос с газоснабжением и обеспечить их интернетом

Әрі қарай облыс әкімі Миялы ауылына барып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Миялы тұрғындары әкімнен газбен жабдықтау мәселесін шешуді және оларды интернетпен қамтамасыз етуді сұрады. Асхат Шахаров тұрғындарға ауылды газбен жабдықтау және интернетпен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, әкім Миялы ауылындағы Т. Айбергенов атындағы орта мектепке барды. Қазір мұнда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мектеп 320 орынға шақталған, ал онда 85 оқушы ғана оқиды. Мектепте барлығы 14 сынып бар. Пәндік кабинеттер, спорт және акт залдары, сонымен қатар 40 орындық асхана бар.    Байғанин ауданына жұмыс сапары аяқталғаннан кейін облыс әкімі Асхат Шахаров жауапты тұлғаларға ауыл тұрғындарының барлық проблемалық мәселелерін бақылауға алып, заң аясында шешімін беріп, ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Далее аким области направился в село Миялы, где также встретился с местным населением и выслушал их вопросы. Миялинцы просили акима решить вопрос с газоснабжением и обеспечить их интернетом. Асхат Шахаров объяснил жителям, что вопросы с газоснабжением села и обеспечением интернетом уже решаются.   Кроме того, аким осмотрел в Миялы среднюю школу имени Т. Айбергенова. Там сейчас идут ремонтные работы. Школа рассчитана на 320 мест, а посещают ее всего 85 учащихся. Всего в школе 14 классов. Есть предметные кабинеты, спортзал и актовый зал, также имеется столовая на 40 мест.    По завершении рабочей поездки в Байганинскийрайон аким области Асхат Шахаров поручил ответственным лицам взять на контроль каждое обращение сельчан, решить их в рамках закона и разработать предложения по актуальным проблемам.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 156
Категория: 
�����