В Актюбинской области полным ходом идет заготовка кормов

Ақтөбе облысында қысқа жем-шөп дайындау қарқынды  Өңірде мал қыстату кезеңіне 2 769,1 мың тонна шөп дайындау қажет. Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппараттық жиын барысында өңірді мал азығымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, аймақта биыл 918,3 мың бас мал қыстайды. Ауа райының қолайсыз жағдайларының болу ықтималдығын ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі біржарым жылдық шөп қорын қамтамасыз ету міндетін қойған. Бұл – шамамен 2 769,1 мың тонна. Бүгінгі таңда оның 2 455,3 мың тоннасы әзірленді немесе жоспардың 88,7%-ы орындалды. Мал ұстайтын халықтың 74%-дан астамы шөппен қамтамасыз етілген. Облыс аумағындағы 231,5 мың гектар алқапқа екпе шөптер егілді. Тағы 464,6 мың га– шабындық жерлер. Сондай-ақ, аудан әкімдіктері шаруа қожалықтарының мал азығын дайындауы үшін мемлекеттік жер қорынан уақытша жер бөлуі тиіс. Оператор «АЖС-Лидер» ЖШС арқылы дизель отыны ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеткізілуде. Бүгінгі таңда шаруашылықтарда 1160 тонна дизель отыны бар. Шөп шабу науқанына 10,2 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы, 1,4 мың пішен пресі жұмылдырылыпты. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.  Баяндамашы ақпаратын тыңдағаннан кейін облыс әкімі аудан әкімдіктеріне мал азығын дайындау үшін уақыт пен қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануды міндеттеді. Шөп бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жергілікті жем дайындайтын кәсіпкерлермен Ақтөбе өңірінің тұрғындары үшін бағаны көтермеу туралы келіссөздер жүргізу тапсырылды.

В Актюбинской области полным ходом идет заготовка кормов  На период зимовки скота в регионе необходимо заготовить 2 769,1 тысячи тонн сена. Вопрос кормообеспечения региона обсудили в ходе аппаратного совещания под председательством акима области Асхата Шахарова. По словам руководителя управления сельского хозяйства Актюбинской области Кусайына Сарсенбая, ожидаемая численность поголовья сельскохозяйственных животных, входящих в зимовку 2024-2025 годов по региону, составляет 918,3 тысячи голов скота. С учетом погодных условий, министерством сельского хозяйства поставлена задача по обеспечению полуторагодичного запаса сена. Это порядка 2 769,1 тысячи тонн. На сегодня уже заготовлено 2 455,3 тысячи тонн или 88,7% от плана. Свыше 74% населения, имеющего скот, уже обеспечены сеном. По области 231,5 тысяч гектаров полей засеяны кормовыми травами. Еще 464,6 тысяч га - луговые земли. Также перед районными акиматами поставлена задача по временному выделению земель из государственного земельного фонда для заготовки кормов для хозяйств. Через оператора ТОО «АЗС-Лидер» осуществляется поставка дизельного топлива для сельхозтоваропроизводителей. На сегодня уже выбрано 1160 тонн дизельного топлива. В сенокосе задействовано 10,2 тысячи единиц сельскохозяйственной техники, мобилизовано 1,4 тысячи пресс-подборщиков сена. Работы по заготовке кормов для скота продолжаются.  Заслушав информацию аким области поручил районным акиматам максимально эффективно использовать время и имеющиеся возможности для заготовки кормов для животных. В целях недопущения роста цен на сено было поручено провести переговоры с местными кормозаготовителями о неповышении цены для жителей Актюбинского региона.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

Просмотров: 158
Категория: 
�����