В Актобе заменили свыше 500 электростолбов, пострадавших во время паводка

Су тасқыны: Ақтөбеде электр желісін қалпына келтіру үшін 500-ден астам бағана ауыстырылды Көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбе облысында 51 ауыл жарықсыз қалды. Қалпына келтіру шығынына 202 млн теңгеден астам қаржы қажет болды. Қазіргі кезде 500-ден астам бағана ауыстырылған. «Энергосистема» ЖШС-нің ақпаратына сүйенген басқарманың хабарлауынша, Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының аудандарында 61 апаттық ажырату тіркелген. Бағана құлап, электр айырғыш құрылғы бұзылғанда және сым үзілгенде 23 рет ток ажыратылды. Бұл қауіпсіздік шарасы болды.

«2024 жылдың 26 наурызынан бастап 19 сәуіріне дейін 51 елдімекен, 5 мыңнан астам тұтынушы электр энергиясынан ажыратылды. Апаттарды жою және қалпына келтіру жұмыстары үшін 120-дан астам апаттық-қалпына келтіру бригадасы, 186 арнайы техника мен автокөлік жұмылдырылды. Барлық жұмыстар қысқа мерзімде орындалды. Дегенмен, су тасқыны, жолдардың шайылуы, көлік қозғалысының қиындауы және табиғи-климаттық жағдайларға байланысты өзгеде кедергілер облыс аудандарындағы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге кедергі келтірді. Соған қарамастан апатты ажыратулар жедел түрде жойылды. Кейбір ауылдық елдімекендер қайта электрмен жабдықталды немесе уақытша электрмен жабдықтауға көшірілді. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы мен оған жақын орналасқан 43 саяжай ұжымдарын қалпына келтіріп, электрмен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді»,- деп хабарлады Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы.  Айта кетейік, «Энергосистема» ЖШС-і қалпына келтіру жұмыстарының шығыны 202,2 млн теңге болады деп есептеген. Оған 642 бағана ауыстырылады. Қазіргі кезде 529 бағананы ауыстыруға 73,3 млн теңге жұмсалды

В Актобе заменили свыше 500 электростолбов, пострадавших во время паводка Во время паводка 51 село в Актюбинской области осталось без электричества. На восстановление линий электропередач выделили более 202 миллионов тенге. На данный момент заменено свыше 500 столбов. По информации ТОО «Энергосистема», в городе Актобе и районах Актюбинской области было зарегистрировано 61 аварийное отключение. В 23 случаях отключение произошло из-за падения столбов, обрыва электропроводов и поломки выключателя.

«С 26 марта по 19 апреля 2024 года от подачи электроэнергии был отключен 51 населенный пункт, это более 5 тысяч потребителей. В устранении причин аварии и восстановительных работах задействовано свыше 120 оперативно-выездных бригад, 186 спецтехники и транспортных средств. Ремонтные работы были выполнены в короткие сроки. Наводнение и размытые дороги создавали трудности в передвижении спецтранспорта и сильно мешали восстановительным работах в районах. Но тем не менее аварии на линиях электропередач удалось быстро устранить. Некоторые села были переведены на временное электроснабжение. Была восстановлена подача электроэнергии в Актобе и расположенных рядом с городом 43 дачных массивах»,- сообщили в управлении энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Актюбинской области.  Стоит отметить, что в ТОО «Энергосистема» оценили стоимость восстановительных работ в 202,2 млн тенге. На эти средства заменят 642 опоры. На данный момент на замену 529 электростолбов затрачено 73,3 млн тенге.

Источник: inform.kz

Просмотров: 210
Категория: 
�����