«ТурГаз» ЖШС “Қазақгазаймақ” АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының @qga_aktobe тапсырысы бойынша газ құбырларын ауыстыру кезінде Абай даңғылы мен Есет батыр көшесінің қиылысындағы жолдың жаяу жүргіншілер бөлігіне зақым келтірді. Жер қазып, құбыр салу кезінде жаяу жүргіншілер жолының асфальты ойылып түсіп кетті.
Қазір осыған байланысты қалалық ТҮКШ (ЖКХ) басшылығы залал келтірілген учаскеде асфальт жабындысын қайта қалпына келтіруді талап етіп, “Тур газдың” жұмысын тоқтатып тастады. Мердігер 1 аптаның ішінде қайта қалпына келтіруге уәде берді.
«Бізге осы жұмысты атқаруға “Қазақгазаймақ” АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы тапсырыс берді. Біз Ақтөбе қаласында жалпы ұзындығы 8 шақырым болатын газ құбырын жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта Абай даңғылы мен Есет батыр көшесінің қиылысында жұмыстар жүргізілуде. Бұрғылау кезінде ауданы 1 ш.м. тротуар асфальты ойылып түсіп кетті. Біз бір апта ішінде асфальтты және астындағы топырақ қабатын қалпына келтіруге уәде береміз», - деді «ТурГаз» ЖШС учаске басшысы Әлішер Бошанов.
ТОО «ТурГаз» повредило пешеходную часть дороги на пересечении проспекта Абая и улицы Есет батыра при замене газопроводов в городе Актобе по заказу Актюбинского областного производственного филиала АО «КазахГазАймак». Асфальт пешеходной дорожки обрушился во время земляных работ и строительства трубопровода.
В связи с этим, сейчас руководство отдела ЖКХ потребовало приостановить работу ТОО «Тур Газ» и провести восстановительные работы асфальтового покрытия на поврежденном участке. Подрядчик пообещал восстановить в течение 1 недели.
«Заказчиком у нас является Актюбинский производственный филиал АО «КазахГазАймак». Мы проводим работы по модернизации газопровода в городе Актобе, общая протяженность которого составляет 8 километров. На данный момент работы ведутся на проспекте Абая на пересечении с улицей Есет Батыра. На пересечении с автодорогами у нас по проекту заложены работы по горизонтально направленному бурению. При пересечении и бурении данной улицы Есет батыра произошел обвал тротуарного асфальта площадью 1кв.м. Образовавшийся обвал асфальта мы обязуемся восстановить в течение недели. Также восстановим послойный грунт под асфальтом. Все работы по восстановлению завершим в ближайшее время», - сказал начальник участка ТОО «ТурГаз» Алишер Бошанов.