Казахстан впервые участвует в Международной выставке торговли услугами (CIFTIS) 2024 в Пекине Делегация

Қытайдағы халықаралық сауда қызметі көрмесінде алғаш рет Қазақстанның ұлттық стенді ашылды ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация Қытайдың Бейжің қаласында өткен сауда қызметі бойынша жаһандық саммитке және CIFTIS көрмесіне қатысты.  Делегация құрамында Сауда министрі Шаққалиевпен бірге Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, Экология және табиғи ресурстарвице-министрі Мансур Ошурбаев, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің өкілдері болды. Осы саммит аясында әлемнің 13 елінен 85 астам мемлекет пен халықаралық ұйымдар, оның ішінде Қазақстан алғаш рет ұлттық стендтер ұйымдастырып отыр. 16 қыркүйекке дейін жалғасатын көрме 12 негізгі саланы қамтыған: қаржы қызметтері, туристік және ойын-сауық қызметтері, денсаулық сақтау, білім беру және т.б. Бұл көрмеде Қазақстанның 15 ұлттық және жеке меншік компаниясы өз жетістіктерімен бөлісуде. Көрме жаңа іскерлік байланыстарды орнату, инвестициялар тарту және қазақстандық тауарлар мен қызметтерді халықаралық аренада ілгерілетуге мүмкіндік береді. Ғалымжан Елеуов Бейжіңде өткен Халықаралық қызметтер саудасы көрмесінің (CIFTIS) ашылуында сөзсөйлеп, Ақтөбе облысы мен Қытай арасында тығызқарым-қатынас орнағанын атап өтті.

«Ақтөбе облысы мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың көрсеткіштері әріптестік пен тығыз байланыс орнағанын айғақтайды, тұрақты өсу серпінімен сипатталады. Биылғы жылдың соңғы 7 айында Қытаймен сыртқы сауда көлемі - 653,9 млн. АҚШ долларын құрады. Сиан қаласында Қазақстанның Бас консулдығының және Ақтөбе қаласында Қытайдың Бас консулдығының ашылуы екі елдің халықаралық ынтымақтастығының оң дамуының үлгісі екенін атап өткім келеді. Осы дәйекті күш-жігердің барлығы екі ел халықтары арасындағы дәстүрлі достықты тұрақты нығайтуға және Қытай-Қазақстан стратегиялық әріптестігін тереңдетуге алып келеді. Бұл форум ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді және мемлекеттеріміздің іскер топтарының серіктестігінде өсудің жаңа перспективаларын белгілейді деп үміттенемін», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Казахстан впервые участвует в Международной выставке торговли услугами (CIFTIS) 2024 в Пекине Делегация, возглавляемая министром торговли и интеграции РК Арманом Шаккалиевым, приняла участие в глобальном саммите по торговле услугами, который проходит в рамках выставки.  В составе казахстанской делегации также были Посол Казахстана в Китае Шахрат Нурышев, заместитель акима Актюбинской области Галымжан Елеуов, вице-министр экологии и природных ресурсов Мансур Ошурбаев и представители министерства промышленности и строительства. Выставка CIFTIS, которая продлится до 16 сентября, собрала представителей более 85 стран и международных организаций, среди которых Казахстан представлен впервые. Выставка охватывает 12 ключевых отраслей, включая финансовые услуги, туризм, здравоохранение и образование. На казахстанском национальном стенде представлены 15 компаний. Участие в выставке предоставит уникальные возможности для расширения деловых связей, привлечения инвестиций и продвижения казахстанских товаров и услуг на международной арене. Галымжан Елеуов выступил на открытии Международной выставки торговли услугами (CIFTIS) в Пекине, отметив тесные отношения между Актюбинской областью и Китаем.  

«Показатели торгово-экономического сотрудничества между Актюбинской областью и КНР свидетельствуют о партнерстве и сближении, характеризуются стабильной динамикой роста. За последние 7 месяцев текущего года объем внешней торговли с Китаем составил – 653,9 млн. долларов США. Хотелось бы еще отметить, что открытие Генерального консульства Казахстана в городе Сиан и Генерального консульства Китая в городе Актобе,является примером положительного развития международного сотрудничества наших стран. Все эти последовательные усилия ведут к неуклонному укреплению традиционной дружбы между народами двух стран и углублению китайско-казахстанского стратегического партнерства. Я надеюсь, что данный форум будет способствовать его дальнейшему развитию и обозначит новые перспективы и векторы роста в партнерстве деловых кругов наших государств», - сказал заместитель акима области.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 132
Категория: 
�����