Актюбинский ученик создал мобильное приложение, посвященное Ахмету Байтурсынову

Ақтөбелік оқушы Ахмет Байтұрсынұлына арналған мобильді қосымшаны жасап шығарды Ақтөбе қаласындағы Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Құрманғали Даниял қазақтың біртуар тұлғасы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы толыққанды мағлұмат беретін мобильді қосымша жасап, көпшілікке ұсынды. Жас таланттың бұл жұмысы ұлы ағартушының өмірі мен еңбектерін бір жерге жинақтап, пайдаланушыларға қолжетімді ету мақсатында іске асырылған.

«Ахмет Байтұрсынұлы туралы ақпараттар ғаламторда көп болғанымен, олар әртүрлі дереккөздерде шашыраңқы күйде кездеседі. Мен барлық мәліметтерді жүйелеп, бір қолдануға ыңғайлы платформада ұсынуды жөн көрдім. Нәтижесінде, осы мобильді қосымшаны жасап, Play Market интернет дүкеніне жүктедім», – дейді Даниял.  Қосымша бірнеше маңызды бөлімдерден тұрады: Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармалары, нақыл сөздері, өлеңдері мен ғылыми еңбектері. Сонымен қатар, қосымшада ғалымның шығармашылығы бойынша тест ұйымдастырылған, бұл пайдаланушыларға білімдерін тексеруге мүмкіндік береді. Мәтіндермен қатар суреттер, бейнежазбалар мен сыртқы сілтемелер де қосымшаның мазмұнын байыта түскен. Даниялдың айтуынша, бүгінге дейін қосымшаны Play Market платформасынан мыңға жуық адам жүктеп, оны өздерінің басты ақпарат көзіне айналдырған. Алдағы уақытта ол осындай ұлы тұлғаларға арналған басқа да қосымшалар әзірлеуді жоспарлап отыр.

«Мақсатым – қазақ тілді мобильді қосымшаларды көбейтіп, ана тілімізде цифрлық өнімдер жасаудың маңыздылығын арттыру», – деп оқушы өз ойымен бөлісті.  Даниялдың бұл жобасы ұстазы Ербол Медеуовтың жетекшілігімен жүзеге асқан. Дарынды оқушының осы бастамасы Қазақстандағы қазақ тіліндегі цифрлық контенттің дамуына өз үлесін қосары анық.

Актюбинский ученик создал мобильное приложение, посвященное Ахмету Байтурсынову Учениик 7-го класса школы №64 имени У.Кулымбетова в городе Актобе, Курмангали Даниал, разработал мобильное приложение, содержащее полную информацию о выдающемся казахском деятеле и просветителе Ахмете Байтурсынове. Работа юного таланта направлена на то, чтобы собрать всю информацию о великом просветителе и сделать ее доступной для широкого круга пользователей.

– «Хотя в интернете много информации о Ахмете Байтурсынове, она разбросана по разным источникам. Я решил систематизировать все данные и представить их на одной удобной платформе. В результате я разработал это мобильное приложение и загрузил его в интернет-магазин Play Market», – делится Даниал.  Приложение состоит из нескольких важных разделов: биография, произведения, афоризмы, стихи и научные труды. Также в приложении предусмотрен тест, который помогает пользователям проверить свои знания о творчестве ученого. Контент приложения дополнен текстами, изображениями, видеороликами и внешними ссылками. По словам Даниала, приложение было загружено почти тысячу раз через платформу Play Market и стало для многих основным источником информации. В будущем он планирует разрабатывать другие приложения, посвященные великим деятелям.

– «Моя цель – увеличить количество казахоязычных мобильных приложений и подчеркнуть важность создания цифровых продуктов на родном языке», – говорит ученик.  Этот проект был реализован под руководством его учителя Ербола Медеуова. Инициатива талантливого ученика, несомненно, внесет вклад в развитие казахоязычного цифрового контента в Казахстане.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 154
Категория: 
�����