В Актобе строят обводные каналы, чтобы защитить жилые массивы в период весеннего паводка

Ақтөбе қаласының айналасындағы елді мекендерді еріген қар суынан қорғау үшін қосымша арналар қазылып, бөгеттер бекітіліп жатыр. Жергілікті биліктің жоспарына сәйкес даладан аққан қарғын су тұрғын үй алаптарын айналып өтуі тиіс. Өңірде көктемгі тасқынға тосқауыл болатын ондаған жоба қолға алынған. Нұржан Ағысов қала іргесіндегі Қанағат тұрғын үй алабына 5 жыл бұрын қоныс аударған. Алайда үйінің судың табиғи арнасында орналасқанын былтыр қалың қар ерігенде ғана байқапты. Сондықтан «Ауылды айнала қазылған канал төтенше жағдайдың алдын алуға сеп болады», – дейді. Нұржан Ағысов, Қанағат тұрғын үй алабының тұрғыны: - Мына біз қазір ойда тұрмыз. Мына қырдан су келеді. Тікелей мына Жіңішкеге ағып кетеді деп ойлаймын енді. Былтыр кетті көптеген үй, бірақ енді уақытында, жаңағы төтенше жағдай ғой енді, уақытында техника келіп, эксковатормен қазып, судың барлығын ағызып жіберді.

Құршасай мен Қанағат елді мекендерінің ту сыртынан қазылып жатқан арнаның ұзындығы 4 шақырымға жуық. Иен даладан еңістікке ағатын суды иіріп, Жіңішке өзеніне бағыттауы тиіс. Ауыл халқы үшін бірнеше жерден өткел салынады. Алмас Жақсылықұлы, Ақтөбе қ. Астана ауданының әкімі: - Ол жерде, айтқандай, жаңа тұрғын үйлер бар және жаңадан салынған мектеп бар. Үлкен қауіп болатын. Қазіргі таңда осы каналдың жұмыстары 15-20 күннің шамасында толыққанды аяқталады деп ойлаймыз.

Биыл облыс орталығында мұндай 5 ірі жоба қолға алынды. Мәселен, көктемде әуежай аумағын су басып, 11-ші және 12-ші шағынаудан тұрғындарын да әбден әбігерге салған еді. Сол су арнасы кеңейтіліп, Сазды өзеніне қосылар тұсы бекітілді. Мағаджан тұрғын үй алабы мен «Оңтүстік-Батыс 2» ауданында да суағарлар орнатылды. Бекзат Тұрғалиев, қала әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және ТЖБ басшысы: - Қазіргі таңда Авиатор тұрғындар алабында, 11-ші шағынауданында, Сут зауыты ауданында жаңа жоба – суағарлар салына бастады. Авиатор ауданындағы суағар ол Сазды өзеніне бағытталады. Ал сут зауытындағы суағар ол Тамды өзеніне бағытталады.

Көктемде Ақтөбе қаласының Астана ауданында 50, Алматы ауданында 3544 үйді су басқан. 200 саяжай тұруға жарамсыз боп қалды. Негізгі қауіп Елек пен Қарғалы өзенінен. Сондықтан жергілікті билік олардың жағасын бекітіп, биік бөгет салуды да қолға алған.

В Актобе строят обводные каналы, чтобы защитить жилые массивы в период весеннего паводка. Планируется, что талые воды по ним будут уходить в реки, минуя жилые районы. В областном центре сейчас реализуют десятки проектов, направленных на борьбу с паводком. Этот  канал для отвода воды  строят возле жилых массивов Канагат и Курашасай. Его протяжённость почти 4 км. Вода по нему будет уходить в реку Женишке, – говорит аким района «Астана» Алмас Жаксылыков. Это позволит избежать в будущем подтопления  жилых домов и соцобъектов. Алмас Жаксылыков, аким района «Астана» г. Актобе: – Основное русло этой воды, которая приходила, было через жилой массив Канагат. Здесь в районе подтопления было около 300 домов и новая школа. Сейчас этот канал позволяет обезопасить вот эту территорию.

Нуржан Агисов пять лет назад получил землю в жилом массиве Канагат и построил дом. Однако каждую весну пенсионер ждал с тревогой. Говорит, что жилое строение находится в низине, а значит, есть опасность подтопления паводковыми  водами. Нуржан Агисов, житель г. Актобе: – Вода поступает с возвышенности. Теперь надеемся, что она будет уходить в реку по обводному каналу. В прошлом году в жилом массиве подтопило многие дома, однако техника вовремя подоспела, воду отвели.

Такие же проекты сейчас реализуют ещё в нескольких районах города. Каналы для отвода воды появятся вблизи жилых массивов «Магаджан», «Думан», на «Юго-Западе-2». Бекзат Тургалиев, руководитель Отдела гражданской обороны и ЧС аппарата акима г. Актобе: – В настоящее время работы по строительству водоотводных каналов проводят в жилых массивах «Авиатор», в 11-м микрорайоне, на «Гормолзаводе». Они позволят в районе «Авиатор» отвести воду в реку Сазды, а на «Гормолзаводе» в реку Тамды.

Этой весной в областном центре в районе Астана подтопило 50 домов, а в районе Алматы – 3544. 200 жилых строений, расположенных на территории садоводческих коллективов, не подлежали восстановлению. К слову, основная опасность исходит от рек Илек и Каргалы. Поэтому в  рамках противопаводковых мероприятий укрепляют берега водоёмов и возводят защитные дамбы.

Источник: «24.kz»

Просмотров: 98
Категория: 
�����