Именитые спортсмены поделились опытом с юными стражами порядка

Танымал спортшылар жас сақшылармен тәжірибе бөлісті

Арнайы жасақ жауынгерлері балаларда әрдайым жоғары қызығушылық тудыратыны белгілі. Ал, олар танымал спортшылар болса – бұл қызығушылық екі есе артады.
Жуырда Ақтөбе қаласындағы №13 мектепте Ақтөбе облысы полиция департаментінің арнайы жасағының жауынгерлері - панкратионнан және қоян-қолтық ұрыстан әлемнің 2 дүркін чемпионы Айдын Төлепбаев, жекпе-жектен 2 дүркін әлем чемпионы Мирас Ұлықпанов, гір спортынан әлем чемпионатының жүлдегері Дамир Бахтыбаев және жауынгерлік самбодан Азия чемпионатының жүлдегері Александр Борисов оқушылармен кездесіп, тәжірибе бөлісті. Еркін форматтағы жүздесуге жоғары сынып оқушыларымен қатар, жас сақшылар да қатысты.
Әсерлі кездесу барысында палуан полицейлер балаларға өздерінің жетістікке жету жолдары, спорттың маңызы, қызметтерінің қыр-сыры, арман-мақсаттары туралы айтып берді.
Ел тыныштығын күзетумен қатар, оның спорттық намысын да биіктетіп жүрген сақшыларды оқушылар ерекше ықыласпен тыңдап, өздерінің көкейкесті сұрақтарын аса қызығушылықпен қойды. Балалардың ішінде болашақ спортшылар да, сақшылар да байқалды.
Кездесуден кейін балалардың өтініші бойынша спортшы-полицейлер оқушылармен бірге жаттығып, оларға жауынгерлік күрес тәсілдерін көрсетіп, спорттан шеберлік сағаттарын өткізді.

Именитые спортсмены поделились опытом с юными стражами порядка

Известно, что бойцы спецназа всегда вызывают у детей неподдельный интерес и восхищение. Если они еще именитые спортсмены, то это настоящий пример для подражания.
Накануне в школе №13 г. Актобе бойцы спецназа Департамента полиции Актюбинской области - двухкратный чемпион мира по панкратиону и рукопашному бою Айдын Толепбаев, двухкратный чемпион мира по жекпе-жек Мирас Улукпанов, призер чемпионата мира по гиревому спорту Дамир Бахтыбаев и призер чемпионата Азии по боевому самбо Александр Борисов встретились с учениками и поделились богатым спортивным опытом. Встреча проходила в свободном формате, где приняли участие как старшеклассники, так и юные учащиеся полицейского класса.
В ходе встречи полицейские рассказали ребятам о своем пути к успеху, мечтах и целях, роли спорта в жизни, тонкостях служебной деятельности и др. Школьники с особым вниманием слушали спортсменов-спецназовцев и с большим интересом задавали волнующие их вопросы. Среди детей были замечены как будущие спортсмены, так и стражи порядка.
После содержательной и мотивационной беседы по просьбе ребят полицейские вместе с ними провели тренировку, показали им приемы боевой борьбы, также провели мастер-класс.

Источник.https://www.instagram.com/reel/DADrqfKMF20/

Просмотров: 95
Категория: 
�����