Тамаре Дуйсеновой презентовали систему по постановке и учету очереди в дошкольные учреждения

Тамара Дүйсеноваға балаларды мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою, оны есепке алу жүйесі таныстырылды. Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыру аясында жан басына шаққандағы қаржыландыру стандартын отбасының нақты табысымен байланыстыру бағытында қаржылық модельді қайта іске қосу қарастырылған. Сондай-ақ балабақшаларды таңдаудың жаңа ваучерлік механизмін енгізу жоспарлануда. Бүгінде бұл механизм Таразда пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл тетік бойынша кезек балабақшалардағы орынға байланысты емес, жергілікті бюджеттен бөлінген ваучер бойынша қалыптасады. Яғни, ваучер алған ата-аналар барлық талаптарға сай, бос орындары бар балабақшаларды таңдай алады. Осылайша, «ақша көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі» қағидаты жүзеге асырылады. Бұл механизмді республика бойынша іске асыру жоспарлануда. Облыс педагогтерімен жүздескен вице-премьер Қазақстанда АЭС салу тақырыбына да тоқталды.«6 қазанда атом электр стансасы құрылысына қатысты референдум өтеді. Қоғам арасында түрлі пікірлер айтылуда. Бұл мәселеге әлеуметтік сала тұрғысынан қарайықшы. Қазір елімізде 8 мыңға жуық мектеп, 6 мыңдай әр түрлі медициналық ұйым, 10 мыңға тарта мектепке дейінгі мекеме бар. Олардың қатары өсе береді, сәйкесінше, электр энергиясына деген сұраныс арта бермек. Меніңше, атом электр стансасынан қорқудың қажеті жоқ. 1959 жылдан бері Алматы қаласында Ядролық физика институты жұмыс істеп келеді. Онда реактор орнатылған. Оның көмегімен ғылыми жұмыстар жасалуда. Бүгінге дейін оған қатысты еш шағым болған жоқ. Азаматтар белсенділік танытып, алдағы референдумға қатысуы тиіс», — деді Тамара Дүйсенова. Сондай-ақ, вице-премьер жоғары политехникалық колледжде болды. Мұнда дуалды оқыту әдісі белсенді түрде қолданылып келеді. Одан бөлек, әзірленген цифрлық өнімдер сатылып келеді. Тамара Дүйсенова колледж студенттерімен тілдесіп, пікір алмасты.

Тамаре Дуйсеновой презентовали систему по постановке и учету очереди в дошкольные учреждения. Предусмотрена перезагрузка финансовой модели в части привязки норматива подушевого финансирования к реальным доходам семьи. Также планируется введение нового механизма по выбору детсадов. Сейчас он пилотно реализуется в Таразе. Очередь формируется не за местом в садиках, а за ваучерами, выделяемыми из местного бюджета. Родители, получившие его, выбирают детсады, соответствующие всем требованиям и имеющим свободные места. Тем самым реализуется принцип «деньги за услугополучателем». Этот механизм планируется расширить по всей стране. В ходе встречи с педагогами Актюбинской области вице-премьер также затронула тему строительства АЭС в Казахстане.«6 октября будет референдум по строительству атомной электростанции. В обществе бытуют разные мнения. Предлагаю рассмотреть этот вопрос со стороны социальной сферы. Сейчас в стране есть порядка 8 тыс. школ, около 6 тыс. различных медорганизаций, 10 тыс. дошкольных учреждений. Сеть организаций будет расти, соответственно, и спрос на электроэнергию. Полагаю, нам не стоит бояться атомной электростанции. С 1959 года в Алматы работает Институт ядерной физики, где установлен реактор. Они занимаются научной деятельностью. И никаких нареканий к их работе нет. Гражданам необходимо проявить активность и принять участие в предстоящем референдуме», — подчеркнула Тамара Дуйсенова. Также вице-премьер посетила высший политехнический колледж. Здесь активно практикуется дуальное обучение. Кроме того, реализуются цифровые продукты. Тамара Дуйсенова побеседовала со студентами колледжа. 

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 129
Категория: 
�����