В Шалкарском районе открылся медпункт

Шалқар ауданында медициналық пункт ашылды ‍‍‍ Шалқар ауданының Қараторғай ауылында жаңа медициналық пункт ашылып, жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтер қолжетімді бола түсті.  Айта кету керек, медициналық нысан «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Джуманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Қажғалиев және ауыл тұрғындары қатысты.  Медициналық мекемеде ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға үшін қажеттінің бәрі бар, құрал-жабдықтармен қамтылған. Құрылысқа 139,8 млн теңге бөлінді. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Джуманов ауыл тұрғындарын құттықтап, жаңа медициналық пункттің ауылдағы өмір сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтті . Өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Қажғалиев бұл нысанның ауылдық жерлердегі медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға бағытталғанын және тұрғындардың денсаулығын нығайтудағы рөлі ерекше екенін айтты.

В Шалкарском районе открылся медпункт В селе Караторгай Шалкарского района открылся новый медицинский пункт. Теперь качественные медуслуги  стали доступны местным жителям .  Стоит отметить, что медпункт строился в рамках Национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения».  В церемонии открытия приняли участие заместитель акима района Султан Джуманов, заместитель руководителя областного управления здравоохранения Муратжан Кажгалиев и жители села.  Медицинское учреждение имеет все необходимое для улучшения здоровья населения и оснащено оборудованием. На его строительство было выделено 139,8 млн тенге. В ходе мероприятия заместитель акима района Султан Джуманов поздравил сельчан и отметил важность открытия медучреждения в улучшении качества жизни на селе . В свою очередь заместитель руководителя областного управления здравоохранения Муратжан Кажгалиев сообщил, что данное учреждение направлено на повышение доступности медицинских услуг в сельской местности и играет особую роль в укреплении здоровья местных жителей.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 143
Категория: 
�����