Ақтөбе облысында этиленаминдер шығаратын зауыт салу жоспарлануда Этиленаминдер шығаратын зауыт салу бойынша инвестициялық жобаны «Chemical Synergy Qazaqstan» ЖШС ұсынып отыр. Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов пен «Chemical Synergy Qazaqstan» ЖШС компаниясының өкілі Әлібек Керей осы жобаны іске асыру аясында меморандумға қол қойды.
«Бұл меморандум біздің ортақ мақсатымызды ғана емес, оған қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенімізді де білдіреді. Инвестициялық жоба өнеркәсіп пен жалпы экономиканы дамытудағы маңызды қадам болмақ. Зауыт салынса, жаңа жұмыс орындары ашылады, бұл, әрине, тұрғындарымыздың өмір сүру деңгейіне оң әсер етеді және өңірге қосымша инвестициялар тартуға көмектеседі»,- деп атап өтті құжатқа қол қойғаннан кейін облыс әкімінің орынбасары. Өз кезегінде «Chemical Synergy Qazaqstan» ЖШС акционері Әлібек Керей компания зауыт құрылысына барлық күш-жігерін салатынын және оның табысты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге әзір екендігіне сендірді. Айта кету керек, этиленаминдер - әртүрлі салаларда қолданылатын өнімдерді өндірудің негізгі компоненттері. Этиленаминдер ауылшаруашылық өнімдерін, целлюлоза мен қағазды, бояулар мен жабындар, желімдер, Мұнай өнеркәсібі және газды өңдеуді, полиуретанды катализаторларды, электроника, фармацевтика мен тоқыма бұйымдарын өндіруде қолданылады.
В Актюбинской области планируют построить завод по производству этиленаминов Инвестиционный проект по строительству завода по производству этиленаминов был представлен ТОО «Chemical Synergy Qazaqstan». Заместитель аким области Абзал Абдукаримов и представитель компании ТОО «Chemical Synergy Qazaqstan» Алибек Керей в рамках реализации данного проекта подписали меморандум о взаимопонимании.
«Этот меморандум символизирует не только нашу общую цель, но и готовность совместно работать над ее достижением. Инвестиционный проект станет важным шагом в развитии нашей промышленности и экономики в целом. Строительство завода создаст новые рабочие места, что, безусловно, положительно скажется на уровне жизни наших жителей и поможет привлечь дополнительные инвестиции в регион»,- отметил после подписания документа заместитель аким области. В свою очередь акционер ТОО «Chemical Synergy Qazaqstan» Алибек Керей заверил, что компания готова вложить все усилия в строительство завода и обеспечить его успешное функционирование. Стоит отметить, что этиленамины являются ключевыми компонентами при производстве продуктов, используемых в различных областях. Этиленамины используются при производстве продуктов для сельского хозяйства, целлюлозы и бумаги, красок и покрытий, клеев, нефтепромыслов и обработки газа, полиуретановых катализаторов, электроники, а также фармацевтических препаратов и текстиля.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi