В прошлом году товарооборот между Актюбинской областью и КНР составил 1 миллиард долларов

Былтыр Ақтөбе облысы мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 1 млрд. АҚШ долл. құрады  Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов Қытай Халық Республикасының Ақтөбедегі Бас консулдығының ұйымдастыруымен өткен ҚХР құрылғанына 75 жыл толуына арналған шараға қатысты. Шараға өңірдің мұнай-газ саласындағы кәсіпорындар мен жоғары оқу орындары өкілдері шақырылған. Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде Қытай Халық Республикасының әлемдегі жетекші елдерінің бірі екенін атап өтіп, Қазақстан және Қытай елдері арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында белсенді дамып келе жатқанын айтты. Еске сала кетейік, былтырғы жылы Ақтөбе облысының Қытай Халық Республикасымен тауар айналымы 1 млрд. АҚШ долл. құрады. Жақын арада бұл көрсеткішті екі есеге арттыру көзделіп отыр. Экспортталатын негізгі тауарлар – мұнай және мұнай өнімдері, табиғи газ, мыс және хром кендері, ферроқорытпалар.

В прошлом году товарооборот между Актюбинской областью и КНР составил 1 миллиард долларов.  Заместитель акима Актюбинской области Абзал Абдикаримов принял участие в мероприятии, посвященном 75-летию со дня основания Китайской Народной Республики, организованном Генконсульством КНР в Актобе. На мероприятие были приглашены представители нефтегазовых предприятий и вузов региона. В своем выступлении заместитель акима области отметил, что Китай является одной из ведущих стран мира, и сообщил, что отношения между нашими странами активно развиваются в духе дружбы, добрососедства и стратегического партнерства. Напомним, в прошлом году товарооборот Актюбинской области с КНР составил 1 миллиард долларов. В ближайшее время планируется эту цифру удвоить. Основными экспортируемыми товарами являются нефть и нефтепродукты, природный газ, медные и хромовые руды, ферросплавы.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 141
Категория: 
�����