120 тысяч туристов посетили в этом году Актюбинскую область

Биыл Ақтөбе облысына 120 мыңнан астам турист келді  Оның 7 мыңы - шетелдік. Бірақ бұл өңірде ішкі туризмнің дамуы байқалғанымен, шекара асып келетіндердің қатары сирек екенін көрсетеді. Кәсіпкерлер: «бұл мәселені түбегейлі шешу үшін мемлекеттің қолдауы қажет» дейді. Соңғы жылдары кәсіпкерлер өңірдегі табиғаты таңқалдырар жерлерді жалға алып, демалыс орындарын ұйымдастыруға асық. Оған пандемиядан кейінгі ішкі туризмнің күрт дамуы сеп болған. Мәселен, Қарғалы ауданындағы Қасқыр сарқырамасын биыл 3 мыңдай турист тамашалаған.  Сұраныстың артқанын байқаған жергілікті шаруа киіз үй мен глэмпинг орнатып, келесі жылы туристік аймақта қонақүй салмақшы.  Мақсат Ысқақов, кәсіпкер: - Орал мен Атырау, тіпті Ресейдің Орск, Новотроицк қалаларынан демалушылар келді. Автокөлікпен келіп, бірнеше күн қонады. Балық аулайды. Сондықтан демалыс орнын одан әрі көркейтуді көздейміз. Сарқырамаға электр жарығын жүргізіп, камералар орнатамыз. Агротуризмнің шығыны көп болғанымен, адамдарға демалуға жағдай жасау керек.

 Қарғалы су қоймасы маңы да ауқымды демалыс орнына айналуы тиіс. Мұнда қазір құрастырмалы шағын үйлер пайда бола бастады. Туристік кешен салуды қолға алған кәсіпкер Азамат Душекенов балаларға арналған жазғы демалыс лагерін ашуды да көздеп отыр. Алайда, жоспарды жүзеге асыруға инженерлік желілердің жоқтығы қолбайлау болған.  Азамат Душекенов, кәсіпкер: - Бұл жерді түркиялық кәсіпкерлерге көрсеттім. Олардың пайымынша, жоба 20 жылдан кейін ғана табыс әкеледі. Сондықтан инвестиция құюдан бас тартты. Менің ойымша, отандық туризмді туған жерін сүйетін патриоттар ғана дамытады. Мемлекеттің қолдауы да қажет. Біз жол мен көгілдір отын, ауызсу жүргізуге жоба әзірледік. Мемлекеттік сараптамадан да өтті. Қаржылай қолдау болса бірден жүзеге асыруға болады.

Өңірде туризмді дамытуға жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді. Мәселен, биыл демалыс орындарына инженерлік желі тартуға бюджеттен 320 млн теңге қарастырылған. Туристік аймақтарда салынатын нысан құрылысы шығындарының да 10%-і субсидияланады. Облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысы Алмас Салықбаев Қарғалы суқоймасы жағасындағы туристік кешенге де қолдау көрсетілгенін айтты.  Алмас Салықбаев, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы: - Бірінші кезеңге сәйкес электр қуаты тартылған болатын. Қазіргі таңда сол нысанға газдандыру, жол және су мәселесі қолға алынып жатыр. Қазіргі таңда мына жобалық сметалық құжаттары дайын. Ең қазір қиын болып тұрғаны – ол жолдың мәселесі. Өйткені 3 шақырымға жуық жол бар. Енді жобаның құны әзірге пысықталып жатыр.

 Ақтөбе облысында қазір тұрақты 6 туристік бағыт жасақталған. Қарғалы мен Мәртөк, Ойыл аудандарында агротуризм болса, тарихи ескерткіштерге бай Қобда өңірінде «Батырлар ізімен» бағдарламасы қонақтарды қабылдайды. 

120 тысяч туристов посетили в этом году Актюбинскую область  Порядка семи тысяч из них – иностранные граждане. В регионе развивается и внутренний туризм. «Волчий водопад» в Каргалинском районе в этом году посетили более трёх тысяч туристов. И количество желающих побывать здесь растёт, – рассказывает предприниматель Максат Искаков. Поэтому он постепенно благоустраивает территорию: установил на берегу водоёма глэмпинги и юрты.  А в следующем году  планирует начать здесь строительство гостиницы.  Максат Искаков, предприниматель: – Из Уральска были, Атырау были, из России, Орска, Новотроицка приезжают тоже. Приезжают сами на своих машинах, рыбу ловят. Надо развивать больше. Вот сейчас свет тянем сюда, освещение здесь будет полностью, камеры стоять будут. Агротуризм затратный, но надо это делать для Казахстана, для людей. В этой зоне отдыха на берегу Каргалинского водохранилища пока два домика контейнерного типа. Владельцы намерены довести их количество до 30, а также построить в этой местности пионерский лагерь. Однако сюда необходимо провести газ и воду и построить дорогу. И без поддержки государства здесь не обойтись, – говорит предприниматель Азамат Душекенов.   Азамат Душекенов, предприниматель: – Приводил сюда турецких бизнесменов. Они сказали, что такой проект 20 лет будет окупаться. Никто не собирается в это дело инвестировать. Это должны делать местные патриоты, я считаю, которые любят свою область, свой город, свою природу. Со временем это, конечно, окупится, но для этого должна и помощь государства быть. Мы составили на всё это проект сами, прошли экспертизу, готовы предоставить любой проект, если будет финансирование.

На подведение света, газа и воды к объектам туризма в этом году из бюджета выделили 320 млн тенге. Ещё порядка 40 млн тенге составили субсидии на обустройство санитарно-гигиенических узлов. Кроме того, государство субсидирует и часть затрат на строительство объектов.  Поэтому на помощь могут рассчитывать и в  зоне отдыха, расположенной на берегу Каргалинского водохранилища, – говорит руководитель областного управления предпринимательства  Алмас Салыкбаев.  Алмас Салыкбаев, руководитель управления предпринимательства Актюбинской области: - На данный момент со стороны государства ему уже была оказана поддержка на электрофикацию, на тот момент соответствующую его мощности. В случае расширения будем  дальше рассматривать увеличение мощности. Самый больной вопрос – подведение автодороги к этому объекту. Этот момент тоже будет решаться.

 Сейчас в регионе действуют шесть туристических направлений. К примеру, в Каргалинском и Мартукском  и Уилском районах  развивают агротуризм, в Кобдинском много исторических памятников. В числе уникальных уголков – горная гряда Актолагай и пески Аккум в Байганинском районе, а также кратер Жаманшин в Иргизском районе. 

Источник: 24.kz t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 141
Категория: 
�����