Ембіде жаңа мектеп ашылды Бұған дейін оқушылар білім алған мектептің ғимараты - ескі, аумағы - тар еді. Жаңа оқу ордасында оқушыларға барлық жағдай жасалған. Мұғалжар ауданы Ембі қаласында 320 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заманауи нысанның жалпы аумағы - 2500 шаршы метр. Үш қабаттан тұрады. Оқу кабинеттері негізінен екінші және үшінші қабатта. Ал, бірінші қабатта арнаулы кабинеттер жабдықталған. Сонымен қоса қыздардың қолөнер мен аспаздықты, ал, ер балалардың ұсталықты меңгеруіне мүмкіндік беретін кабинеттер бар. Қауіпсіздікке де зор мән берілген. Мектепте 2 апаттық шығу есігі және 54 камера бар. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, ұстаздар мен мектеп оқушыларын, ата-аналарды білім ордасының ашылуымен құттықтады. 13 мыңға жуық адам тұратын Ембіде 5 мектеп бар. Жаңасы - ең үлкені. Мұнда екі ауысымда 557 оқушы білім алып, 66 мұғалім сабақ береді.
В Эмбе открылась новая школа До этого дети учились в старом здании школы, к тому же там была маленькая территория. В новой школе для учащихся созданы все условия. В городе Эмба Мугалжарского района сдана в эксплуатацию новая школа на 320 мест. Общая площадь учебного учреждения составляет 2500 квадратных метров. В нем три этажа. Учебные кабинеты находятся в основном на втором и третьем этажах. На первом размещены спецкабинеты. Также есть мастерские, где проходят уроки по труду и кулинарии для девочек, а для мальчиков – по столярному делу. Для безопасности детей в учебном учреждении предусмотрели два аварийных выхода и установлены 54 камеры. Аким района Дархан Ермаганбетов принял участие в торжественном мероприятии и поздравил учителей, школьников и их родителей с открытием учебного заведения. В Эмбе проживает около 13 тысяч человек. Есть пять школ. В новой школе будут учиться 557 учащихся в две смены, преподавать 66 учителей.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi