Руководитель управления энергетики и ЖКХ обратил внимание акима на растущий дефицит электроэнергии в регионе и необходимость строительства новых электростанций

Сондай-ақ, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы облыс әкімінің назарын аймақтағы электр қуатының тапшылығына және жаңа электр станцияларын салу қажеттілігіне аударды.   «Облыстың электр қуатын тұтыну көлемі — 947 мегаватт, оның 50 пайыздан астамы жергілікті жерде өндіріледі, қалған 273 мегаватты Ресейден, 178 мегаватты басқа өңірлерден алып отырмыз. Жыл сайын облыста өнеркәсіп, инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді, бұл электр энергиясына деген сұраныстың тұрақты өсуіне әкеледі. «KEGOC» акционерлік қоғамының болжамы бойынша 2028 жылға қарай облыста электр энергиясын тұтыну 1270 мегаваттқа жетеді. Электр қуатының тапшылығына байланысты жаңа электр стансаларын салу қажеттілігі туындайды», — деп түйіндеді сөзін Арысұлан Айтбаев.   «Бүгінде біз өңіріміздің тұрақты энергетикалық болашағын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын мәселеге тап болып отырмыз. Бізде экономиканы дамыту, жұмыс орындарын құру және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген жобалар бар. Яғни, өңірді дамытуға ынталы инвесторлар инвестиция құюға әзір. Алайда оларды іске асыру көгілдір отын, сонымен қоса, электр энергиясының жеткілікті көлеміболған жағдайда ғана мүмкін. Ал тапшылық мәселесі болашақ инвестициялық жобаларға қауіп төндіреді. Сондықтан қажетті қуаттылықпен қамтамасыз ету мәселесінің шешімін табу үшін Энергетика министрлігімен осы мәселені пысықтау қажет», - деп әкім Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысына тапсырма берді.

Также руководитель управления энергетики и ЖКХ обратил внимание акима на растущий дефицит электроэнергии в регионе и необходимость строительства новых электростанций.   «Потребление электроэнергии в регионе составляет 947 мегаватт, из которых более 50% вырабатывается на месте, а остальные 273 мегаватта поступают из России и 178 мегаватт из других регионов. С каждым годом промышленность, инфраструктура и жилищное строительство Актюбинской области стремительно развиваются, что приводит к постоянному росту спроса на электроэнергию. Согласно прогнозу АО «KEGOC», к 2028 году потребление электроэнергии в области достигнет 1270 мегаватт. В связи с дефицитом электроэнергии возникает необходимость в строительстве новых электростанций», - заключил Арысулан Айтбаев.   «Сегодня мы сталкиваемся с важной задачей - обеспечением устойчивого энергетического будущего нашего региона. У нас есть много проектов, которые могут способствовать развитию экономики, созданию рабочих мест и улучшению качества жизни населения. Инвесторы готовы вкладываться в развитие региона. Однако реализация этих проектов возможна только при условии наличия достаточных объемов газа, электроэнергии. Дефицит ставит под угрозу перспективные инвестиционные проекты. Необходимо проработать этот вопрос с Министерством энергетики, чтобы найти решения для обеспечения необходимых мощностей», - поручил аким руководителю управления энергетики и ЖКХ.

Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 161
Категория: 
�����