Начальник Департамента полиции провел гарнизонный развод личного состава

Полиция департаментінің бастығы гарнизондық тарату өткізді
Ағымдағы жылдың 2 қазанында Ақтөбе қаласы полиция басқармасының плацында полицияның кешенді күштерінің гарнизондық таратылуы өтті.
Жиын барысында ПД бастығы полиция полковнигі Абай Жусупов қызметке түсетін жасақтарға азаматтармен сыпайы және әдепті қарым-қатынас жасау, қызметтік міндеттерін сервистік тәсілге толық бағыттала отырып атқару, облыс жолдарындағы қауіпсіздікті арттыруға негізделген шараларды қабылдау туралы нұсқау беріп, Мемлекет басшысы мен ІІМ басшылығының құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесуге бағытталған талаптарын жеткізді.
-Қызмет атқару кезінде әр түрлі құқық бұзушылар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттердін жолын кесіп, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуді талап етемін, - деді ПД бастығы Абай Жусупов.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылған жеке құрам қаладағы жедел жағдай туралы хабардар етіліп, қылмыс жасаған, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру бойынша бағдарлармен таныстырылды.
Гарнизондық таратудан кейін полиция қызметкерлері қала көшелерінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кірісті.

Начальник Департамента полиции провел гарнизонный развод личного состава
2 октября на плацу Управления полиции города Актобе состоялся гарнизонный развод нарядов комплексных сил полиции.
В ходе мероприятия начальник ДП области Абай Жусупов провел инструктаж, указав на вежливое и внимательное обращение с гражданами, сервисном подходе при исполнении служебных обязанностей, в первую очередь всестороннему оказанию помощи гражданам и исполнению требований Главы государства и руководства МВД.
- При несении службы требую пресекать противоправные действия со стороны различных правонарушителей и обеспечить защиту конституционных прав и свобод граждан, - сказал начальник ДП Абай Жусупов.
Сотрудники полиции, заступающие на охрану общественного порядка, были проинформированы о состоянии оперативной обстановки в городе, ознакомлены с ориентировками по розыску лиц, совершивших преступления, а также пропавших без вести.
После гарнизонного развода полицейские приступили к возложенным объязанностям по охране общественного порядка и обеспечению дорожной безопасности на дорогах города.

Источник.https://www.instagram.com/reel/DAni1FsMcFR/

Просмотров: 136
Категория: 
�����