«Нөмірдің мерзімі аяқталады»: алаяқтар өздерін байланыс операторының қызметкерлері ретінде таныстыруда Телефон алаяқтары өздерін ұялы байланыс операторларының қызметкерлері ретінде көрсете бастады. Алаяқтар өздерін компания қызметкерлері ретінде көрсете отырып, ықтимал құрбандарға қоңырау шалады. Олар телефон нөмірінің мерзімі аяқталатынын мәлімдейді және қызмет көрсетуді ұзартуды ұсынады. Адам ұзартуға келіскен кезде, алаяқтар SMS немесе кез-келген қосымша арқылы келген кодты айтуды сұрайды. Ақтөбеде ерлі-зайыптылар осындай алаяқтардың айла-амалдарына тап болды. Алаяқтар оларға алдымен сим-карта мерзімі аяқталды деп хабарласып, алдау жолымен ерлі-зайыптыларға несие рәсімдеткен. Жәбірленушілердің өздері құпия SMS кодтарын айтып, алаяқтардың айтуымен оларға терминал арқылы 5 млн теңгеден астам ақша жіберген. Бұл ретте, олар өздерінің жинақ ақшасын және жетпеген сомаға ақшалай несие рәсімдеп,телефон алаяқтары көрсеткен нөмірлерге аударған. Полиция департаменті ескертеді: Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде хабарласып, ұялы нөмірдің мерзімі аяқталатынын айтса, сақ болыңыз! Бұл – алаяқтар!
«Истекает срок действия номера»: мошенники представляются сотрудниками операторов связи Телефонные мошенники стали выдавать себя за сотрудников сотовых операторов. Мошенники звонят потенциальным жертвам, представляясь сотрудниками компании. Они утверждают, что срок действия телефонного номера истекает, и предлагают продлить обслуживание. Когда человек соглашается на продление, злоумышленники предлагают продиктовать код из SMS или какого-либо приложения. На уловки таких мошенников попалась семейная пара. Мошенники под предлогом, что совершаются мошеннические действия и для предотвращения необходимо оформить зеркальный кредит выманили у них более 5 млн тенге. Потерпевшие сами назвали секретный смс коды, сняли денежные средства, а на недостающую сумму оформили денежный кредит. После чего под диктовку мошенников пополнили через киви терминал на разные номера. Департамент полиции напоминает, что если Вам или Вашим близким звонят, представляясь сотрудником оператора сотовой связи, и говорят, что истекает срок действия мобильного номера, будьте бдительны: это мошенники.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi