Ақтөбедегі «Футбол академиясында» оқу-жаттығу басталды Биылғы жылдың 23-28 қыркүйек аралығында Ақтөбедегі «Футбол академиясы» облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге іріктеу жүргізілді. Жалпы 1100 бала тіркелген. Соның ішінде физикалық нормативтерді үздік тапсырып, жақсы ойын көрсеткен 600 бала іріктеліп алынды. 2015-2018 жылдары туған балаларға және 10-14 жас аралығындағы қыз балаларды қабылдау әлі де жалғасуда.
«1 қазаннан бастап оқу-жаттығу процестері басталды. Оқу-жаттығу процестері бекітілген сабақ кестесіне сәйкес, таңғы 08:30-да басталып, ең соңғы оқу-жаттығулар 18:00-де аяқталады. Жаттығулар балалардың мектептегі ауысымына байланысты түске дейін және түстен кейін өткізіледі. Балалар жақсы көңіл-күйде»,- деді «Футбол академиясы» облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Әсемгүл Ешимова. Сонымен қатар, балаға физикалық ауыртпалық көп түспеуі үшін жаттығулар дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері және сәйсенбі, бейсенбі, сенбі күндеріне жоспарланды. Жексенбі – ойын күні. Балалар мен жасөспірімдер жас деңгейіне байланысты «алғашқы даярлық» және «оқу-жаттығу» топтарына бөлінген. Жаттықтырушы-оқытушыларға қажетті спорттық инвентарьлар алынып, балалардың киім ауыстыратын бөлмелері қажетті жиһаздармен жабдықталған. Жаттығулар штаттық режімде өткізіліп жатыр.
В «Академии футбола» в Актобе приступили к тренировкам С 23 по 28 сентября проводился отбор среди подростков 10-18 лет в областную детско-юношескую спортивную школу «Академия футбола» города Актобе. Заявки подали 1100 детей. Отобрали 600 подростков, сдавших физические нормативы и показавших хорошие результаты. Набор детей 2015-2018 годов рождения и девочек в возрасте 10-14 лет продолжается.
«Учебный процесс стартовал с 1 октября. Тренировки согласно утвержденному расписанию занятий начинаются с 08:30 утра, а заканчиваются в 18:00. Занятия проводятся до полудня и во второй половине дня, в зависимости от смены занятий в школе. Дети довольны»,- рассказала заместитель директора ОДЮСШ «Академия футбола» Асемгуль Ешимова. Чтобы не перегружать детей физически занятия распределили по определенным дням: понедельник, среда, пятница и вторник, четверг, суббота. В воскресенье – игровой день. Воспитанников разделили на группы начального обучения и тренировочные в зависимости от возраста. Было закуплено необходимое спортивное оснащение, детские раздевалки оборудованы необходимой мебелью. Занятия проходят в штатном режиме.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi