Пересмотрят алгоритм экстренного реагирования на природный пожар

Табиғи өртке қарсы жедел әрекет ету алгоритмі қайта қаралады    Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиналыста дала және орман өрттерінің алдын алу және жою мәселесі қаралды. Жиналысқа қала және аудан әкімдері, ТЖД және басқа да ведомстволардың өкілдері қатысты.   Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қахарман Оразалин атап өткендей, облыс аумағында өрттің қауіпті кезеңі әлі де сақталуда. Осы кезеңде облыс аумағында 84 дала алқабының өртенуі және 7 орман өрті тіркелген.    Барлық табиғи өрттерді сөндіруге ерікті өртке қарсы құрылымдар тартылды. Облыста 14 ЕӨҚ бірлестігі жұмыс істейді, олар 142 команда және екі мыңға жуық адамнан тұрады. Ерікті өрт сөндірушілер 200-ден астам өрт сөндіру мотопомпасы және 1500-ден астам арнайы өрт сөндіргіштермен жабдықталған.   Қахарман Оразалин табиғи өрттердің таралу қаупін азайту үшін ЕӨҚ-ны белсендітүрде тартып, аудан әкімдері тарапынан тиісті бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Аудандық әкімдіктер тарапынан тиісті бақылаудың болмауы өртті сөндіруді қиындатып қана қоймай, қызыл жалынның үлкен аумақтарға тез таралуына да ықпал етеді.

Пересмотрят алгоритм экстренного реагирования на природный пожар  Вопрос по предупреждению и ликвидации степных и лесных пожаров был рассмотрен на совещании с участием акима области Асхата Шахарова. В совещании приняли участие акимы города и районов, представители департамента по ЧС и других ведомств. Как отметил начальник департамента по чрезвычайным ситуациям Актюбинской области Кахарман Оразалин, пожароопасный период на территории области еще сохраняется. В этот период на территории области произошло 84 загорания степных массивов и 7 лесных пожаров.  Все природные пожары были потушены с участием добровольных противопожарных формирований. В области функционирует 14 объединений ДПФ, которые состоят из 142 команд и почти двух тысяч человек. Добровольные пожарные оснащены более чем 200 пожарными мотопомпами и свыше 1500 ранцевыми огнетушителями. Кахарман Оразалин заметил, что для минимизации рисков распространения природных возгораний необходимо активнее привлекать ДПФ и обеспечить надлежащий контроль со стороны акимов районов. Отсутствие надлежащего контроля со стороны районных акиматов не только затрудняет тушение возгораний, но и способствует быстрому распространению огня на большие площади.

Источник t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 128
Категория: 
�����