Ақтөбе облысы командалық сайыста жеңіске жетті Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған «Әділ сөздің алдаспаны» атты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары арасында өткен командалық сайыста Ақтөбе облысының өнерпаздары жеңіс төрінен көрінді. Дүбірлі өнер додасында көрермен қос өңірдің айтыскер, жыршы, термеші, дәстүрлі әнші, күйшілерінің өнерін тамашалады. Облысымыздың намысын Әділбек Сарин, Ақбота Қоянбайқызы, Нұрбол Жауынбаев, Жалғас Болатұлы, Аруна Керімбек, Жеңіс Елемесов, Қайырхан Жұбаниязов, Жәнібек Бейбітов, Темірхан Жетесов қорғады. Ал Батыс Қазақстан облысының құрамасында Жансая Мусина, Талғат Мықи, Мұрадым Мирланов бастаған өнерпаздар болды. Қос командадағы 18 өнерпаздың өнерін белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары, ақындар, танымал айтыскерлер бағалады. «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман төрағалық етті. Шарада сөз алған Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан өз өнерлерін көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленген сайыс қатысушыларына алғысын айтты. Командалық айтыстың тақырыбына арқау болған Әйтеке бидің әділдік, бірлік және ел болашағы үшін жасаған игі істері қазақ халқының тарихында маңызды орын алатынын атап өтіп, оның өскелең ұрпаққа қалдырған мұрасын насихаттау ісі жалғаса беретінін сөз етті. Әйтеке бидің 380 жылдығы облыс аумағында кең көлемде тойланғанын дүйім жұртқа жеткізді. Торқалы тойға орай ұйымдастырылған тартысты сайыста ақтөбелік команда БҚО командасынан басым түсті. Бұл командалық айтыс - биылғы жылы басталған, екі жылға созылатын ірі жоба. Бас-аяғы төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге республика бойынша 20 команда қатысады, екінші кезеңге 10 команда өтеді. Осы 10 команданың ішінен балдық жүйе бойынша 4 команда үшінші кезеңге жолдама алады. Жеңіске жеткен 2 команда 2025 жылы Астана қаласында өтетін ақтық сайысқа қатысады. Командалық сайыстың құрылтайшылары: Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы, Ақтөбе облысының әкімдігі.
Команда Актюбинской области победила в творческом состязании Команда Актюбинской области одержала победу над командой из Западно-Казахстанской области в конкурсе «Әділ сөздің алдаспаны», посвященном празднованию 380-летия Айтеке би. Гости праздника на творческом конкурсе смогли насладиться захватывающими выступлениями исполнителей айтысов, терме, жырау, кюев, народных певцов из двух областей. Честь нашего региона защищали Адилбек Сарин, Акбота Коянбайкызы, Нурбол Жауынбаев, Жалгас Болатулы, Аруна Керимбек, Женис Елемесов, Кайырхан Жубаниязов, Жанибек Бейбитов, Темирхан Жетесов. В состав команды ЗКО вошли как Жансая Мусина, Талгат Мыки, Мурадым Мирланов и другие молодые исполнители. Выступления 18 исполнителей двух команд оценивали известные государственные и общественные деятели, мажилисмены, акыны, известные айтыскеры. Возглавил жюри председатель «Международного союза акынов айтыса и исполнителей жырау и терме», заслуженный деятель Казахстана Журсин Ерман. Заместитель акима Актюбинской области Жолдас Батырхан выразил благодарность конкурсантам, которые с блеском выступили на сцене, заслужив бурные аплодисменты зрителей. Он отметил, что в регионе широко отмечается 380-летие Айтеке бия. А этот творческий турнир способствует сохранению истории казахского народа, пропаганде его духовного наследия среди молодого поколения. В творческом соревновании команда из Актобе одержала победу над ЗКО. Стоит отметить, что командные состязания представляют собой крупный двухлетний проект, который начался в этом году. Он состоит из четырех этапов. На первом этапе примут участие 20 команд со всей страны, во второй этап пройдут 10 команд. Из этих 10 команд по балльной системе отберут 4 команды на третий этап. 2 команды-победителя примут участие в финальном соревновании в Астане в 2025 году. Учредители командного конкурса: Международный Союз акынов айтысов и исполнителей жырау-терме, акимат Актюбинской области.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi