Ақтөбе облысында суару маусымы аяқталды Облыстағы суармалы жерлердің көлемі – 30,2 мың гектар. Суармалы жерлердің көп бөлігі – Мәртөк, Қарғалы аудандарына және Ақтөбе қаласына тиесілі. Өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында суармалы жерлердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі сөз болды. Аймақта суарудың тиімділігін арттыру және су тұтынуды азайту мақсатында ылғал үнемдейтін технологиялар енгізіле бастады. Мәселен, 0,6 мың гектар жерге тамшылатып суару және 20,5 мың гектар жерге қазіргі заманғы жаңбырлатып суару жүйесі қолданылады. Бұл суды айтарлықтай үнемдеуге және ылғалдың ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруаларға заманауи ирригациялық жүйелерді сатып алуға және қажетті инфрақұрылымды салуға инвестициялық субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Биыл 442,5 млн теңге көлемінде субсидия төленді. Сондай-ақ суармалы жерлерді қалпына келтіру бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен айналымға 10,6 мың га жер енгізіледі. Бүгінгі таңда Қобда, Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандарындағы 3,7 мың гектар жерге жүргізілген құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Ал Қарғалы ауданы мен Ақтөбе қаласында 5,6 мың гектар жерге жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ақтөбелік диқандар егін науқаны аяқталуға жақын. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, бүгінде 425,3 мың гектар дәнді дақыл орылды, 603,8 мың тонна өнім жиналды, орташа өнім — гектарына 14,2 центнер.
Поливной сезон завершен в Актюбинской области Площадь орошаемых земель в области составила 30,2 тыс. га. Большая ее часть приходится на Каргалинский, Мартукский районы и город Актобе. Под председательством акима области Асхата Шахарова в ходе совещания был рассмотрен вопрос модернизации ирригационной инфраструктуры орошаемых земель. Для повышения эффективности орошения и для снижения водопотребления в области стали внедрять влагосберегающие технологии. Так, к примеру, на 0,6 тыс. га используют капельное орошение и на 20,5 тыс. га - современную дождевальную систему орошения. Это позволяет значительно сократить водопотребление и минимизировать потери влаги. Кроме того, аграриям оказываются меры государственной поддержки в виде инвестиционного субсидирования на приобретение современных ирригационных систем и строительство необходимой инфраструктуры. В этом году выплачено субсидий в размере 442,5 млн тенге. Также в рамках программы восстановления орошаемых земель за счет республиканского бюджета вводится в оборот 10,6 тыс. га земель. На сегодня СМР завершены на 3,7 тыс. га земель в Кобдинском, Мартукском, Уилском, Хромтауском районах, и ведутся работы на 5,6 тыс. га земель в Каргалинском районе и городе Актобе. Аграрии Актюбинской области уже завершают уборку урожая. По данным управления сельского хозяйства и земельных отношений, на сегодня убрано 425,3 тыс. га зерновых культур или 99%, собрано 603,8 тыс. тонн урожая, средняя урожайность составила 14,2 ц/га.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi