Сейчас в системе отображаются проекты, запланированные на 2025 год

Бүгінде жүйеге 2025 жылға жоспарланған жобаларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Пайдаланушылар жобаны әзірлеу қай кезеңде іске асырылып жатқанымен танысып, өз пікірлерін айта алады. Айта кету керек, цифрлық платформада қазір Ақтөбе облысындағы барлық жобалар туралы мәліметтер көрсетіледі.  Сондай-ақ, онлайн режимінде құрылыс алаңына барып, жұмыстар туралы толығырақ білу мүмкіндігі бар.

«Халық жөндеу жұмыстарының мерзімдерімен сапасына жиі шағымын айтады. Осы жүйенің арқасында біз осындай өтініштерге жедел жауап бере аламыз, мердігерлердің жұмысын бақылай аламыз және жұмыстарды орындаудағы кешігу мен кемшіліктердің алдын аламыз. Цифрлық платформа процесті белсенді бақылауға және жөндеудің әрбір қадамынан хабардар болуға септігін тигізеді»,- деген облыс әкімі Асхат Шахаров осы бақылау жүйесінің артықшылықтарын атап өтті. Әзірлеушілердің айтуынша, аталған платформада әкімдер, басқарма басшыларының рейтингі жүргізіледі. Пайдаланушылар басшылықтағы лауазымды тұлғалардың қызметіне баға бере алады.

Сейчас в системе отображаются проекты, запланированные на 2025 год. Пользователи смогут ознакомиться, на какой стадии ведется разработка проекта и внести свои комментарии.  Стоит отметить, что на цифровой платформе отображаются сведения о всех проектах, которые реализуются сейчас в Актюбинской области. И также в режиме онлайн можно посетить строительную площадку и осмотреть фронт работ. Кроме того, можно узнать какие проекты на данный момент планируют запустить в регионе.

«Население часто высказывает недовольство сроками и качеством ремонта, и благодаря этой системе мы сможем оперативно реагировать на подобные обращения, контролировать работу подрядчиков и предотвращать задержки или недостатки в выполнении работ. Цифровая платформа дает возможность активно следить за процессом и быть в курсе каждого шага ремонта»,- аким области Асхат Шахаров отметил преимущества данной системы контроля. По словам разработчика, на данной платформе будет вестись рейтинг акимов, руководителей управлений. Пользователи смогут дать оценку деятельности руководящих лиц.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 128
Категория: 
�����