Новый центр «Қамқорлық» предоставляет семьям, воспитывающим детей с аутизмом, возможность получать комплексную помощь всех специалистов в одном месте

«Қамқорлық» жаңа орталығы аутизммен ауыратын балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға бір жерде шоғырланған мамандарарқылы әдістемелік кешенді көмек алуға мүмкіндік береді. Орталық 1,5-тен 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды, тек білім беру сабақтары мен оңалту ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлаудың маңызды дағдыларын ұсынады. Мұнда оларға төсек жинау, қонақтарға дастархан жаю, киім үтіктеу, ыдыс жуу, сонымен қатар тамақ әзірлеу секілді тұрмыстық дағдылар негіздері үйретіледі. Бұл балалардың жан-жақты дамуы және тәуелсіз болуына көмектеседі. ‍‍‍ Болашақта жасөспірімдер өздерін қамтамасыз ету үшін ағаш ұстасы, қыш және тігін шеберханаларында сабақтар қарастырылған. Сондай-ақ, орталықта визуалды байланыс орнатуда қиындықтары бар балалар үшін робототерапия қолданылады, онда балалар роботтармен өзара қарым-қатынас жасауды үйренеді. Сонымен қатар, леготерапия, робототехника, арт-терапия және музыкалық терапия сабақтары балалардың дамуына ғана емес, әлеуметтенуіне, қоғамға енуіне және толыққанды өмір сүруіне септігін тигізеді.

«Ерекше бала асырап отырған әр ата-ана үшін бұл орталықтардың маңызы зор. Біздің мақсатымыз – елдің барлық өңірін қамти отырып, ерекше балаларды жақын жерден қолжетімді әрі тиімді оңалтумен қамтамасыз ету»,— деді «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.  Айтып өтейік, бұл орталықтан бөлек, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен оңалту және ерте араласу орталықтары жұмыс істеп, әрқайсысы жылына 600 баланы қамтуда. Бүгінде 1994 бала қабылданып, 153-і тәй-тәй басып, алғашқы қадамын басса, ал 331-і алғашқы сөзін айтты.

Новый центр «Қамқорлық» предоставляет семьям, воспитывающим детей с аутизмом, возможность получать комплексную помощь всех специалистов в одном месте. Центр принимает детей в возрасте от 1,5 до 18 лет и предлагает не только образовательные занятия и реабилитацию, но и обучение важным навыкам социальной и бытовой ориентации. Детей здесь обучают, как заправлять постель, накрывать на стол, гладить одежду, мыть посуду, а также готовить пищу — это помогает им развиваться всесторонне и становиться более независимыми. ‍‍‍ Для подростков проводят занятия в столярных, гончарных и швейных мастерских. Кроме того, в центре используется робототерапия для детей с трудностями в установлении визуального контакта. На таких занятиях их учат взаимодействовать с роботами. Также проводятся занятия по леготерапии, робототехнике, арт-терапии и музыкальной терапии, которые помогают детям не только развиваться, но и социализироваться, интегрироваться в общество и жить полноценной жизнью.

«Для каждого родителя, воспитывающего особенного ребёнка, эти центры имеют огромное значение. Наша цель — обеспечить доступной и эффективной реабилитацией детей с особыми потребностями по всей стране»,— отметил управляющий директор по корпоративному управлению, социально-трудовым отношениям и охране труда АО «Самрук-Казына» Гибрат Ауганов.  Отметим, что помимо этого центра, за счёт финансирования фонда «Samruk-Kazyna Trust», единого благотворительного оператора группы компаний АО «Самрук-Казына», работают центры реабилитации и раннего вмешательства, каждый из которых ежегодно охватывает 600 детей. На данный момент принято 1994 ребёнка, из которых 153 сделали свои первые шаги, а 331 сказал своё первое слово.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 131
Категория: 
�����