Коммунальные службы готовятся к зиме

Коммуналдық қызмет қысқа дайындық үстінде Облыс әкімі Асхат Шахаров «АТК қызмет» коммуналдық мекемесінің базасында болып, техникалардың қысқа дайындығын қарап шықты.  2023 жылдан бастап мекеменің тұрағы 85-тен астам техникамен толықты. Соның ішінде 18 тұз шашатын, 14 қар таситын көлік және 8 жүк тиегіш, 4 жаңа автогрейдер, 8 жаңа трактор қысқы маусымға әзір. 200 тоннадан астам инертті материал да дайындалыпты. Өңір басшысы қаланың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына жауаптыларға қысқа дайындықты күшейтуді, сонымен қоса, жолдар мен тұрғындар жүретін аумақтарға қыста мұзды ерітетін қоспаларды көбірек пайдалану керектігін айтты.

«Біз биыл облыс орталығының бірнеше көшесінің бойына брусчаткалар төседік. Қала көркін аша түскені анық. Енді қысқы кезеңде күтіп-ұстау мәселесіне көңіл бөлу керек. Тротуарларға мұз қатады, оны коммуналдық қызмет қатты металмен ояды. Дұрыс емес. Арнайы қоспаларды пайдаланып, мұзды уақытылы жинап алу керек. Біз үшін тұрғындардың қауіпсіздігі маңызды»,- деді Асхат Шахаров.  «АТК қызмет» директорының орынбасары Қуаныш Оңалбаевтың сөзінше, мекеменің өзіне бекітілген аумақта техника жетіспеушілігі жоқ. Барлық техника екі ауысыммен жұмыс істейді. Одан бөлек, мекемеде көктемде су соратын техникалар, 2 автокран, жұмысшыларды таситын 4 жеңіл газель бар.

Коммунальные службы готовятся к зиме Аким области Асхат Шахаров побывал на базе коммунального предприятия «АТК қызмет» и ознакомился с ходом подготовки техники к зиме.  С 2023 года гараж предприятия укомплектован более чем 85 единицами техники. Из них к зимнему сезону готовы 18 машин, которые посыпают дороги солью, 14 снеговозов, 8 погрузчиков, 4 новых автогрейдера, 8 новых тракторов. Также было заготовлено более 200 тонн инертного материала. Глава региона поручил отделу ЖКХ ускорить подготовительную работу, а также заготовить достаточное количество противогололедных реагентов, которыми посыпают тротуары и дороги в гололед.

«В этом году мы уложили брусчатку на нескольких улицах областного центра. Видно, что город стал краше. Теперь необходимо обратить внимание на проблему содержания дорог в зимний период. Зимой на тротуарах намерзает лед, и работники коммунальных предприятий отбивают его металлическим колом. Это неправильно. Необходимо спасаться от гололеда при помощи реагентов и пескосмесями, и посыпать его вовремя. Ведь для нас важна безопасность жителей»,- заметил Асхат Шахаров.  По словам заместителя директора «АТК қызмет» Куаныша Оналбаева, недостатка в технике на предприятии нет. Вся техника выезжает в рейс в две смены. Кроме того, имеются ассенизаторы, 2 автокрана и 4 пассажирские «ГАЗели» для перевозки рабочих.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 126
Категория: 
�����