День Республики: Елдос Сметов встретился с жителями Кобды

Республика күні: Елдос Сметов Қобда жұртшылығымен кездесті  Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов және оның бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев Ақтөбе облысының Қобда ауылына болды.  Батырлар мекені атанған Қобдада спортшы жастармен, жасөспірімдермен кездесті. Мұндағы мақсат - жастардың спортқа деген қызығушылығын ояту, оларға жігер беру. Чемпион ауыл жастарына ақыл-кеңесін айтып, жетістікке жету жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Бірінен соң бірі кезекке тұрған болашақ спортшылардың сұрақтарына жауап берді. Елдос Сметов елімізде бұқаралық спорттың дамуына ден қойылып жатқанын атап өтті.

«Алдымен, баршаңызды ұлттық мерекеміз Республика күнімен құттықтаймын. Егемендіктің арқасында еліміз көркейіп келеді. Олимпиададан кейін алғаш болып Ақтөбе облысына келіп қалдым. Сіздердей спортқа ұмтылған жастарды, жасөспірімдерді көргеніме өте қуаныштымын. Мына спорт кешені керемет екен. Барлық жағдай жасалған. Менің айтарым, мақсатқа жету жолында еңбек, табандылық өте маңызды. Осы қағиданы естен шығармай, еліміздің Туын әлемдік ареналарда желбіретулеріңізге тілектеспін»,- деді ол. Өз сөзінде Қобда ауданының әкімі әкімі Ізгілік Тынымгереев батырлар мекеніне келіп, қобдалық жастармен жүздесіп, құнды пікірлерін білдірген даңқты спортшы мен оның бапкеріне ризашылығын білдірді.

«Республика күні қарсаңында өтіп жатқан бүгінгі кездесуді тарихи сәт деп есептеймін. Бүгінгі шара біздің жас өрендеріміздің көздеріндегі отты жағып, рухын көтерді деп есептеймін»,- деп аудан басшысы Ізгілік Тынымгереев жас қобдалықтарға сенім білдірді.

День Республики: Елдос Сметов встретился с жителями Кобды  В преддверии национального праздника — Дня Республики, чемпион Парижской Олимпиады по дзюдо Елдос Сметов и его тренер, заслуженный тренер Республики Казахстан Галимжан Жылгелдиев побывали в селе Кобда в Актюбинской области.  В Кобде, которое называют «краем героев», спортсмен встретился с молодежью и подростками. Цель встречи — пробудить у молодежи интерес к спорту и мотивировать их достигать высот. Чемпион поделился с молодыми людьми своими советами и опытом на пути к успеху. Будущие спортсмены, один за другим, задавали вопросы, на которые Елдос Сметов с удовольствием отвечал. Он отметил, что в стране уделяется большое внимание развитию массового спорта.

«Прежде всего, поздравляю вас с нашим национальным праздником — Днем Республики. Благодаря независимости наша страна процветает. После Олимпиады я впервые приехал в Актюбинскую область. Я очень рад видеть молодежь и подростков, стремящихся к спорту. Этот спортивный комплекс великолепен. Все условия созданы. Мой совет — труд и настойчивость очень важны на пути к цели. Не забывайте это правило, и я желаю вам поднять флаг нашей страны на мировых аренах», — сказал он.

 Аким Кобдинского района Изгилик Тынымгереев, в свою очередь, выразил благодарность известному спортсмену и его тренеру за встречу с молодежью Кобды.«Я считаю, что эта встреча, проходящая накануне Дня Республики, является историческим событием. Сегодняшнее мероприятие, на мой взгляд, зажгло огонь в глазах наших молодых людей и подняло их дух»,— сказал аким района Изгилик Тынымгереев.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 187
Категория: 
�����