День Республики: в Актобе открылась выставка Димаша

Республика күні: Ақтөбеде Димаштың көрмесі ашылды  Ұлттық мереке – Республика күніне орай, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Дүние дидарындағы Димаш» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Мәдени шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты.

«Сан миллион көрерменді өнерімен тәнті қылған Димаш - Ақтөбе облысының құрметті азаматы. Сондықтан да Димаштың шығармашылығына арналған көрмені қала қонақтары мен тұрғындары бей-жай қалдырмасы анық. Көпшілік назарына ұсынылып отырған көрме Димаштың өмірі мен өнердегі жетістіктерінен құралып отыр. Осы орайда көрменің Астанадан кейін туған жерінде ұйымдастырылуына септігін тигізген Димашқа және ата-анасына шынайы алғысымызды білдіреміз»,- деді Асхат Шахаров құттықтау сөзінде. Көрменің ашылуына қатысқан Димаштың ата-анасы Қанат және Света Айтбаевтар, әншінің ұстазы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов те сөз сөйлеп, көрменің Димаш туған өлкеде ұйымдастастырылуының маңыздылығы туралы айтты. Шарада Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халық әні «Дайдидауды» А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің оқушылары орындады.

День Республики: в Актобе открылась выставка Димаша  В честь национального праздника – Дня Республики, в Актюбинском областном историко-краеведческом музее состоялось торжественное открытие выставки «Димаш: покоряя мир», посвящённой творчеству Народного артиста Республики Казахстан, композитора и мультиинструменталиста Димаша Кудайбергена. В культурном мероприятии принял участие аким области Асхат Шахаров.

«Димаш, покоривший своим искусством миллионы зрителей, является Почётным гражданином Актюбинской области. Поэтому выставка, посвящённая его творчеству, безусловно, вызовет интерес у гостей и жителей города. Представленные на ней экспонаты, связанны с жизнью Димаша и его достижениями в искусстве. В этой связи мы выражаем искреннюю благодарность Димашу и его родителям за помощь в организации выставки на его родине после её проведения в Астане»,— сказал Асхат Шахаров в своём приветственном слове. На открытии выступили родители Димаша — Канат и Света Айтбаевы, а также его учитель, Заслуженный деятель Республики Казахстан Марат Айтимов, которые отметили важность проведения выставки на родной земле певца. На мероприятии студенты Актюбинского музыкального колледжа имени Ахмета Жубанова исполнили народную песню «Дайдидау» из репертуара Димаша Кудайбергена.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 178
Категория: 
�����