Ашылу салтанатына облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты. Ол Қызылжар тұрғындарын мерекемен құттықтап, мектеп ашылуының маңыздылығын атап өтті. Әкім мемлекет балалардың дамуы мен сапалы білім алуына барлық мүмкіндікті жасап жатқанын мәлімдеді.
«Әр бала білімді қолайлы жағдайда алуы тиіс. Ақтөбе облысында үш ауысымда оқыту және ескі мектептердің проблемаларын шешу мақсатында жаңа оқу орындары салынуда. Биыл бюджеттен 4 820 орындық 22 мектептің құрылысын салуға 10 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 14 оқу орны, соның 9-ы Ақтөбе қаласында салынады. Олар алдағы екі жылда пайдалануға беріледі. Жаңа мектептерді аша отырып, өңірдегі білім беру орындарындағы орын тапшылығы және ескі ғимараттардың жабылу мәселелерін шеше аламыз»,- деді әкім. Асхат Шахаровтың сөзінше, облыста мектеп жасындағы балалар саны жыл сайын артып келеді. Биыл олардың саны бес мыңға өсті, бұл бес жаңа мектептің құрылысын салудың қажеттілігін көрсетеді. Соңғы бес жылда Ақтөбе қаласында 9 490 орынға шақталған 20 мектеп пайдалануға берілген.
«Жаңа мектепте Қызылжар оқушылары болашақта қажетті сапалы білім мен дағдылар алады. Бұл мектеп әр баланың дамып, өз мақсаттарына жететін орнына айналады»,- деді облыс әкімі. Қызылжарда мектеп бұрынғы авариялық жағдайдағы ғимараттың орнына салынды. Бұл мақсатқа 1,8 млрд теңге бөлінді. Құрылыс жүріп жатқан кезде балалар басқа оқу орнында білім алды.
В открытии учебного учреждения принял участие глава региона Асхат Шахаров. Он поздравил жителей Кызылжара с праздником и таким важным событием в их жизни как открытие школы. Аким отметил, что государство делает все возможное для развития детей и получения ими качественного образования.
«Каждый ребенок должен получать знания в комфортных условиях. В Актюбинской области для решения проблем с трехсменным обучением и замены ветхих школ строятся новые учебные учреждения. В этом году из бюджета на строительство 22 школ на 4 820 мест выделено десять миллиардов тенге. Кроме того, по поручению Главы государства в рамках Национального проекта «Комфортная школа» строятся 14 учебных учреждений, 9 из них в Актобе. Они будут сданы в эксплуатацию в ближайшие два года. С открытием новых школ в регионе будут решены вопросы нехватки мест в ряде учебных заведений и закрытия ветхих зданий»,- сказал аким области на открытии учебного учреждения. По словам Асхата Шахарова, количество детей школьного возраста в области растет с каждым годом. В этом году их число увеличилось на пять тысяч, что подчеркивает необходимость строительства как минимум пяти новых школ. За последние пять лет в Актобе было введено в эксплуатацию 20 школ на 9 490 мест.
«В новой школе Кызылжара ученикам будут даны качественные знания и навыки, необходимые для их будущего. Эта школа станет местом, где каждый ребенок сможет развиваться и достигать своих целей»,- выразил уверенность глава региона. Школу в Кызылжаре возвели взамен прежней аварийной. На эти цели было выделено 1,8 млрд. тенге. Пока шло строительство дети учились в другой учебной организации.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi