В Актобе продолжаются мероприятия по предупреждению паводков

Ақтөбеде су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Соның бірін Көктем, Мағаджан тұрғын алаптарында “Кварцспец сервис” ЖШС мердігер ұйымы жүргізуде.
«Көктем, Мағаджан алаптары аумағын көктемгі су тасқынынан қорғау үшін топырақпен обваловка жасап жатырмыз. Жалпы ұзындағы 2500 метр дамбаның 160 метрін салып болдық. График бойынша жұмысты қарашаның соңында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді жоба жетекшісі Рашид Асланбеков.
Еске салсақ, осы көктемде Ақтөбеде Астана ауданында 50-ге жуық үй, ал Алматы ауданында 3544 үй су басқан аймақта қалды. Оның ішінде бау-бақша ұжымдарының аумағында орналасқан 190 саяжай үйі қалпына келтіруге жатпайды. Негізгі қауіп Елек және Қарғалы өзендерінен келеді. Сондықтан су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында су қоймаларының жағалаулары нығайтылып, топырақтан қорғаныс бөгеттері салынуда.

В Актобе продолжаются мероприятия по предупреждению паводков. Один из проектов реализуется подрядной организацией ТОО “Кварцспец сервис” в жилых массивах Коктем, Магаджан.
“Для защиты территории массивов Коктем, Магаджан от весенних паводков мы делаем обваловку грунтом. Уже построили 160 метров дамбы, общая протяжённость которой составит 2500 метров. Планируем завершить работу по графику в конце ноября”, - сказал руководитель проекта Рашид Асланбеков.
Напомним, этой весной в Актобе в районе Астана подтопило около 50 домов, а в районе Алматы — 3544. Из них 190 жилых строений, расположенных на территории садоводческих коллективов, не подлежали восстановлению. Основная опасность исходит от рек Илек и Каргалы. Поэтому в рамках мероприятий по борьбе с паводками укрепляются берега водоёмов и возводятся защитные дамбы из грунта.

Источник.https://www.instagram.com/aqtobe_akimat/reel/DBmFkergGWu/

Просмотров: 120
Категория: 
�����