За праздничные дни на территории Актюбинской области зарегистрировано 56 преступлений

Өткен мейрам күндері Ақтөбе облысының аумағында 56 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 13 жеке мүлікті ұрлау, 4 бұзақылық дерегі тіркеліп, бұрын жасалған 6 қылмыс ашылды. Сонымен қатар 8 алаяқтық дерегі тіркелді.
​Мысалы, ақтөбелік тұрғын “Facebook” қосымшасында “Kaspi Profit” жарнамасын көрген. “WhatsApp” арқылы өзін қаржы аналитигі ретінде таныстырған адаммен хат алмасып, ақша қаражатын криптовалюта арқылы көбейтетініне сенген. Нәтижесінде, жәбірленуші өз атына несие рәсімдеп және таныстарынан қарыз алып, 10 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтарға аударған. Алаяқтық фактісі бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.
​Үш күнде облыс жолдарында 2 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 4 адам жарақаттанды.
​Мысалы, 27 қазанда” Самара-Шымкент “ автожолындағы “Опель Астра “ автокөлігінің жүргізушісі “Ваз-21903” автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Ваз-21903” автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы медициналық мекемеге жатқызылды. Автокөліктер Ақтөбе қаласының коммуналдық тұрағына орналастырылды.
Сонымен қатар, 1,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 1100 ҚР Жол қозғалысы ережелерін бұзу және мас күйінде көлік құралын басқарудың 10 фактісі.

За праздничные дни на территории Актюбинской области зарегистрировано 56 преступлений. Из них 13 краж личного имущества, 4 хулиганств и раскрыто 6 ранее совершенных преступлений. Так же зарегистрировано 8 фактов мошенничеств.
​К примеру, актюбинец увидел рекламу в приложении «Facebook» в платформе «Kaspi Profit». Переписываясь постредством «WhatsApp» якобы с менеджером и финансовым аналитиком, под предлогом приумножение денежных средств в крипто платформу лишился денежных средств. Потерпевший сам оформив кредиты и взяв в долг у знакомых перевел на разные счета более 10 млн тенге.
​По факту мошенничества проводятся следственные действия.
​На дорогах области произошло 2 ДТП, где 4 человек получили различные телесные повреждения.
​27 октября водитель автомашины «Опель Астра» на автодороге «Самара-Шымкент», допустил столкновение с автомашиной марки «Ваз-21903». ​В результате дорожно-транспортного происшествия водитель и пассажир автомашины «Ваз-21903» госпитализированы в медицинское учреждение.
​Автомашины водворены на коммунальную стоянку г.Актобе.
​Кроме того, пресечено более 1,5 тысяч административных правонарушений, из них около 1.100 нарушений ПДД РК, в т.ч. 10 факта управления транспортными средствами в состоянии опьянения.

Источник.https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/reel/DBqqMuUMaI0/

Просмотров: 113
Категория: 
�����