Молодёжный форум «Жастар. Жігер. Болашақ» объединил 3000 молодых людей из Актобе

«Жастар. Жігер. Болашақ» жастар форумы 3000 ақтөбелік жастың басын қосты Жастар арасында нашақорлық, лудомания, буллинг, суицидтің таралуы мәселесі Ақтөбеде өткен «Жастар. Жігер. Болашақ» жастар форумының тақырыбына айналды.  Форум жұмысына облыс әкімі Асхат Шахаров, полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов және облыстық прокуратура өкілдері қатысты. Спикерлер ретінде шақырылған қонақтар – Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Әлішев, қазақстандық тележүргізуші және «Жайдарман» жобасының жетекшісі Есен Елеукен, қазақ эстрадасының әртісі Нұрболат Абдуллин, айтыскер Қайнар Алагөзов және «Жаужүрек мың бала» фильмімен танымал киноактер Артур Төлепов сөз сөйледі. Елге танымал ақтөбеліктер жастармен өздерінің табыс тарихымен бөлісті. Өнер орталығында өткен форумда Ақтөбе қаласының мектептері мен колледждерінен мың оқушы жиналды. Аудандардан тағы екі мың оқушы онлайн форматта қосылды.

Молодёжный форум «Жастар. Жігер. Болашақ» объединил 3000 молодых людей из Актобе Проблемы распространения наркомании, лудомании, буллинга, суицидов среди молодёжи стали темами обсуждения форума «Жастар. Жігер. Болашақ», прошедшего в Актобе.  В работе форума приняли участие аким области Асхат Шахаров, начальник департамента полиции Абай Жусупов и представители областной прокуратуры. В роли спикеров выступили приглашенные гости – депутат Мажилиса Парламента Казыбек Алишев, казахстанский телеведущий и руководитель проекта «Жайдарман» Есен Елеукен, артист казахской эстрады Нурболат Абдуллин, айтыскер Кайнар Алагозов и киноактер, известный по фильму «Жаужүрек мың бала» Артур Толепов. Прославившиеся на всю страну актюбинцы поделились с молодежью своими историями успеха. В зале Онер орталыгы, где прошел форум, собралась тысяча учащихся из школ и колледжей города Актобе. Еще две тысячи школьников из районов подключились к форуму в онлайн-формате.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 141
Категория: 
�����