В городе Актобе на улице Халела Досмухамедулы ведется строительство дороги

Ақтөбе қаласында Халел Досмұхамедұлы көшесінде жол салынып жатыр. Мәңгілік ел көшесінен Оңтүстік айналма жолға шығатын учаскеге бүгін асфальт жамылғысының екінші қабаты төселді.
«Бұл жоба келесі жылға ауыспалы екенін жақсы түсінеміз. Дегенмен, бұл жол құрылысындағы биылғы жұмыстың ең негізгісі, суағарлар дұрыс салынуы тиіс және ол алдағы көктемде жұмысын толыққанды атқаруы керек», - деп ескертті мердігерге қала әкімі Азамат Бекет.
Мердігер ұйым “Гарант строй Астана” ЖШС жоба жетекшісі барлық жұмыс жобада көрсетілген талаптар мен кестеге сәйкес атқарылып келе жатқанына сендірді.
«Бұл 790 метр жол құрылысының жобасында суағар, тротуар, көшені жарықтандыру, жол белгілерін, бағдаршам орнату және асфальт жабындысының 3 қабатын төсеу қарастырылған. Биыл асфальттің екі қабатын төсеп аяқтаймыз, жарықтандыру тіректерін орнатамыз және суағар саламыз. Суағар жүйесі осы көктемде мәселе туғызбайды деп сендіремін. Ал келесі жылы асфальттің үшінші қабатына қиыршық тасты мастикалық асфальтбетон (ЩМА) төсейміз және тротуар саламыз, тротуарды да асфальттайтын боламыз», - деді жоба жетекшісі Бақытбек Бердімұратов. 

В городе Актобе на улице Халела Досмухамедулы ведется строительство дороги. Сегодня был уложен второй слой асфальтового покрытия на участке от улицы Мәңгілік Ел до Южного обхода.
«Мы понимаем, что этот проект будет завершен в следующем году. Однако сейчас основная задача — правильно обустроить ливневки, чтобы весной они функционировали как следует», — подчеркнул подрядчику аким города Азамат Беет.
Руководитель проекта подрядной организации ТОО «Гарант строй Астана» заверил, что все работы выполняются в соответствии с требованиями проекта и графиком.
«Проект строительства этой дороги протяженностью 790 метров включает в себя установку ливневок, тротуаров, уличного освещения, дорожных знаков, светофоров и укладку трех слоев асфальтового покрытия. В этом году мы завершим укладку двух слоев асфальта, установим опоры освещения и построим ливневки. Уверяю, что система ливневок не вызовет проблем этой весной. А в следующем году мы уложим третий слой покрытия из щебеночно-мастичного асфальтобетона (ЩМА), а также асфальтируем тротуар», — сказал руководитель проекта Бакытбек Бердимуратов.

Источник.https://www.instagram.com/aqtobe_akimat/reel/DBtzzyKgOP9/

Просмотров: 158
Категория: 
�����