Мошенник снял на сутки квартиру и сдал ее на месяц

Алаяқ бір тәулікке пәтер жалдап, оны бір айға жалға берген
​Полицияға Ақтөбе облысының тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, ол бірнеше айға пәтер жалдауға ниет білдірген. Осы мақсатта ол хабарландыру сайтынан өзіне қолайлы пәтерді тауып, үй иесіне қоңырау шалған. Белгісіз адам пәтерді жалға беретінін айтып, жәбірленушіден 110.000 теңге сомасында ақша сұраған. Ақшаны алғаннан кейін «жалға беруші» хабарсыз кеткен.
​Тергеп-тексеру барысында аталған пәтерді күдікті бір тәулікке жалға алғаны анықталды. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Күдікті адамды анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті азаматтарға сайттар немесе әлеуметтік желілердегі хабарландырулар арқылы жалдамалы пәтер тапсаңыз, мұқият болу және меншік құжаттарын алдын ала тексеру қажеттігін ескертеді.

Мошенник снял на сутки квартиру и сдал ее на месяц
​В полицию обратился житель Актюбинской области с заявлением о мошенничестве. По словам потерпевшего, он намеревался араендовать на несколько месяцев квартиру, на сайте объявлений нашел подходящий вариант и созвонился с арендодателем. Неизвестное лицо под предлогом сдачи в аренду квартиры, завладел денежными средствами в сумме 110.000 тенге и после получения денег скрылся.
Установлено, что указанная квартира была орендована подозреваемым на одни сутки. ​По факту мошенничества проводится досудебное расследование и оперативные мероприятия направленные на установление и задержание подозреваемого лица.
​Департамент полиции напоминает гражданам, что если вы нашли съемную квартиру через сайты или объявления в социальных сетях, необходимо быть внимательными и заранее проверять документы на собственность.

Источник.https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/p/DBvss2CsYU5/

 

Просмотров: 67
Категория: 
�����