Ақтөбе облысында цемент зауытының құрылысы 2025 жылы басталады Ақтөбе облысы Алға ауданының Алға қаласында қуаттылығы жылына 2 миллион тонна өнім шығаратын цемент зауыты салынады. Зауыт іске қосылса, 500-ден астам жұмыс орны құрылады. Өңір басшысы Асхат Шахаров Сингапур мен Қазақстан инвесторларымен кездесіп, жобаны әзірлеудің егжей-тегжейін, оның ішінде қаржыландыру мәселесін, құрылыс мерзімдері мен экологиялық стандарттарды талқылады.
«Біз цемент зауытын салу жобасын іске асыру үшін қолдау көрсетуге дайынбыз. Кәсіпорын жергілікті нарықты сапалы цементпен қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын құра отырып, өңірдің құрылыс саласын дамытуға елеулі үлес қосады. Сонымен қатар, бұл жобаны іске асыру қосымша инвестициялар тартады және біздің өңірдің экономикалық өсуіне ықпал етеді»,- деп атап өтті инвесторлармен кездесуде Асхат Шахаров. Сондай-ақ, облыс әкімі бұл зауыттың батыс өңіріндегі қуаттылығы жылына 2 миллион өнімді құрайтын жалғыз ірі кәсіпорын болатынын, Ақтөбе өңірі үшін бірегей жоба екенін тілге тиек етті. Бүгінгі таңда тек Ақтауда жылына 800 мың тонна цемент өндіретін зауыт жұмыс істейді. Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы цементке деген артып жатқан сұранысты қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен қатар жергілікті құрылыс компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Әкіммен кездесуде «Aktobecem» ЖШС құрылтайшысы Нұржан Шәкіров зауыт құрылысына инвесторлар 70 миллиард теңге өз қаражатын салуды жоспарлап отырғанын айтты. Кәсіпорында 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Кадрларды іріктеу кезінде Алға ауданы және жалпы Ақтөбе облысының тұрғындарына басымдық берілмек.
«Aqtobecem цемент зауытын іске қосу Ақтөбе облысында цемент өнімдеріне деген қажеттілікті 100% жабуға, сондай-ақ логистикалық шығындарды азайтуға және өнім бағасының маусымдық ауытқуын теңестіруге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, зауыт ағынды сулары жоқ қалдықсыз өндіріс, бұл оның экологиялық жауапкершілігінің деңгейі жоғарылығын көрсетеді»,- деп Нұржан Шәкіров инвестициялық жобаның тартымдылығын сөз етті. Айта кету керек, осы жылдың тамыз айында Алға қаласындағы бұрынғы химзауыт алаңдарының бірінде символдық уақыт капсуласын салу салтанатты рәсімі өтті. Aktobecem құрылыс-монтаж жұмыстарын 2025 жылдың көктемінде бастауды жоспарлап отыр, ал цемент зауытын толыққанды іске қосу 2026 жылға жоспарланған.
В Актюбинской области в 2025 году начнется строительство цементного завода Цементный завод мощностью 2 миллиона тонн продукции в год построят в Алге. С его запуском будет создано более 500 рабочих мест. Глава региона Асхат Шахаров встретился с инвесторами из Сингапура и Казахстана и обговорил детали разработки проекта, в том числе вопросы финансирования, сроки строительства и экологические стандарты.
«Мы готовы поддержать реализацию проекта по строительству цементного завода. Предприятие станет значительным вкладом в развитие строительной отрасли региона, обеспечивая местный рынок качественным цементом и создавая новые рабочие места. К тому же, реализация этого проекта привлечет дополнительные инвестиции и будет способствовать экономическому росту нашего региона»,- отметил на встрече с инвесторами Асхат Шахаров. Аким области также подчеркнул, что данный проект уникален для Актюбинской области, так как станет единственным крупным предприятием в западном регионе, мощность которого составит 2 миллиона продукции в год. На сегодня только в Актау действует цементный завод производительностью 800 тысяч тонн цемента в год. Запуск нового предприятия не только удовлетворит растущий спрос на цемент, но и откроет новые возможности для местных строительных компаний. На встрече с акимом соучредитель ТОО «Aktobecem» Нуржан Шакиров рассказал, что в строительство завода инвесторы планируют вложить 70 миллиардов тенге собственных средств. На предприятии создадут более 500 рабочих мест. Предпочтение при наборе кадров будет отдаваться жителям Алгинского районов и Актюбинской области в целом.
«Запуск цементного завода Aqtobecem позволит покрыть потребность в цементной продукции в Актюбинской области на 80%, а также снизить логистические издержки и сбалансировать сезонное колебание цены на продукцию. Кроме того, завод является безотходным производством, не имеющим сточных вод, что свидетельствует о его высоком уровне экологической ответственности»,- обрисовал привлекательность инвестиционного проекта Нуржан Шакиров. Стоит отметить, что в августе этого года на одной из площадок бывшего химзавода в Алге состоялась торжественная церемония закладки символической капсулы времени. Компания Aktobecem планирует начать строительно-монтажные работы весной 2025 года, а запуск цементного завода намечен на 2026 год.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi