Аким области Асхат Шахаров принял участие в мероприятии и зачитал поздравительное письмо Президента Касым-Жомарта Токаева

Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Құдайберген Жұбанов – қазақ лингвистикасының теориялық негізін қалауға атсалысқан ғұлама ғалым. Ол тіл білімін терең зерделеп, ғылыми қауымдастық бірауыздан мойындаған іргелі еңбектер жазды. Түркологияның өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеді. Сонымен қатар түрлі жауапты қызметті абыроймен атқарып, туған халқының игілігі үшін аянбай тер төкті. Ағартушы-ғалымның ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Оның мол мұрасын жан-жақты зерделеп, есімін ел жадында жаңғырту – баршаға ортақ парыз. Осы орайда бұл басқосудың тағылымдық мән-маңызы зор. Төл тарихымызда айрықша орны бар тұғырлы тұлғаның өмірі мен шығармашылық жолы жас ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге болады деп сенемін»,- делінген құттықтауда. Өз сөзінде өңір басшысы ағартушы-педагогті еске алуға арналған шараның маңыздылығын атап өтті.

«Президент атап өткендей, Құдайберген Жұбановтың қазақ тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы зерттеулері терең мағыналы, оның идеялары мен еңбектерінің қазіргі қазақ қоғамы мен білім беру жүйесінде алар орны зор. Оған – талай зерттеуші-ғалымдардың да берген жоғары бағасы дәлел. Біз осындай шараларды өткізе отырып, Құдайберген Жұбановтың жарқын тұлғасын жаңа қырынан тануға жол ашамыз»,- деді облыс әкімі.

Аким области Асхат Шахаров принял участие в мероприятии и зачитал поздравительное письмо Президента Касым-Жомарта Токаева.

«Кудайберген Жубанов – ученый, участвовавший в закладке теоретических основ казахского языкознания. Он глубоко изучил языкознание и написал фундаментальные труды, получившие единогласное признание научного сообщества. Им всесторонне были изучены актуальные проблемы тюркологии. При этом он добросовестно исполнял различные ответственные обязанности и неустанно трудился на благо своего народа. Почетный труд педагога-ученого никогда не будет забыт. Долг каждого – досконально изучить его богатое наследие и возродить память о нем. В связи с этим данная встреча имеет большое воспитательное значение. Я верю, что жизненный и творческий путь выдающегося человека, занявшего особое место в нашей истории, всегда будет служить примером для подрастающего поколения»,- говорится в поздравлении. В своем выступлении глава региона отметил важность мероприятия, посвященного памяти педагога-просветителя.

«Как отметил Президент, исследования Кудайбергена Жубанова в области казахского языкознания и литературоведения глубоки, его идеи и труды занимают большое место в современном казахстанском обществе и системе образования. Об этом свидетельствуют высокие оценки, данные исследователями и многими учеными. Проводя подобные мероприятия, мы даем возможность узнать глубже и всесторонне яркую личность Кудайбергена Жубанова»,- сказал аким области.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 110
Категория: 
�����