Дом культуры в Хромтау планируют сдать в этом году, а ФОК в 2025 году

Хромтауда биыл Мәдениет үйі, келер жылы спорт кешені пайдалануға беріледі Облыс әкімі Асхат Шахаров Хромтау ауданына барған жұмыс сапарында әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты.  ERG компаниялар тобы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Хромтаудағы Мәдениет үйінің құрылысын 2023 жылы бастаған. Бүгінде мердігер ұйым «Санжар» ЖШС әрлеу жұмыстарын аяқтап жатыр. Нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Өңір басшысы әрлеу жұмыстары жалғасып жатқан кабинеттер мен залдарды аралап көрді.  Мәдениет үйінің бірінші қабатында сахнасы бар 400 орындық көрермен залы, кітапхана, шеберханалар мен студиялар, киім-кешек бөлмесі, киім ауыстыратын бөлме және буфет болады. Екінші қабатта театр ұжымдары мен ансамбльдерге арналған кеңсе бөлмелері, би залы және дайындық бөлмелері орналасады. Сондай-ақ дәрістер мен семинарларға арналған бөлмелер де бар. Мәдени нысанның құрылысы 1,8 млрд теңгені құрады.  Облыс әкімі мердігерге әлеуметтік нысан құрылысын мерзімінде аяқтау міндетін қойды. Жаңа Мәдениет үйінің ашылуы тұрғындардың мәдени-әлеуметтік дамуына жағдай жасап, қала үшін маңызды нысанға айналмақ.

Дом культуры в Хромтау планируют сдать в этом году, а ФОК в 2025 году В ходе рабочей поездки в Хромтауский район аким Актюбинской области Асхат Шахаров ознакомился с темпами строительства социальных объектов в районном центре.  Дом культуры в Хромтау начали возводить в 2023 году в рамках социальной ответственности бизнеса Группы компаний «ERG». На сегодня подрядная организация ТОО «Санжар» уже завершает отделочные работы. Объект планируют сдать в эксплуатацию к концу этого года. Глава региона осмотрел кабинеты и залы, где еще продолжаются отделочные работы.  На первом этаже Дома культуры разместят зрительный зал на 400 мест со сценой, библиотеку, мастерские и студии, костюмерную и примерочную комнату, гардеробную, буфет. На втором этаже будут находиться служебные кабинеты, танцевальный зал и залы для репетиций театрального кружка и ансамбля. Предусмотрено также помещение для проведения лекций и семинаров. Строительство объекта культуры составило 1,8 млрд.тенге.  Аким области поставил задачу перед подрядчиком завершить строительство соцобъекта в установленные сроки. Открытие нового Дома культуры станет значимым объектом для города, создавая условия для культурного и социального развития населения.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

Просмотров: 138
Категория: 
�����