Актюбинский школьник изобрел мобильное приложение для туристов «Walking in Aktobe»

Ақтөбелік оқушы «Walking in Aktobe» атты туристік мобильді қосымша ойлап тапты  Ақтөбелік жас дарын, №51 гимназия оқушысы Мират Сагинбаев қала тұрғындары мен қонақтарына Ақтөбенің көрікті жерлерін таныстыру мақсатында «Walking in Aktobe» атты мобильді қосымшаны әзірледі. Бұл ерекше жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында MIT App Inventor визуальды программалау ортасында жасалып, аймақтың туристік орындары туралы толық ақпарат беруді, сондай-ақ қала бойынша еркін түрде маршрут құру мүмкіндігін ұсынады.  «Walking in Aktobe» қосымшасы туристерге нұсқаушысыз саяхат жасауға мүмкіндік береді. Пайдаланушылар қала ішіндегі тарихи, мәдени және табиғи көрікті жерлерді оңай таба алады. Бұл қосымша арқылы туристер тек бағыт алып қана қоймай, өңірдің бай тарихы мен мәдениеті жайлы мол мағлұмат ала алады. Автордың айтуынша, жоба болашақта Қазақстандағы туризмнің дамуына ықпал етіп, экономикалық өсімге оң әсерін тигізуі мүмкін.  Қосымша авторы Мират алдағы уақытта жобасын жетілдіріп, жаңа мүмкіндіктер қосуды жоспарлап отыр. «Walking in Aktobe» қосымшасы жақын арада туристердің өз бетімен саяхаттауына арналған танымал құралға айналмақ. Сонымен қатар, пайдаланушылар бұл қосымшаны Play Market және App Store дүкендерінен тегін жүктей алады. Бұл қосымшалар Ақтөбенің туристік тартымдылығын арттырып, қала қонақтарына қолжетімді және қызықты саяхат жасауға жаңа мүмкіндіктер ұсынбақ.

Актюбинский школьник изобрел мобильное приложение для туристов «Walking in Aktobe».  Юное дарование из Актобе, учащийся гимназии №51 Мират Сагинбаев разработал мобильное приложение «Walking in Aktobe», чтобы познакомить жителей и гостей города с достопримечательностями Актобе. Этот уникальный проект создан на платформе визуального программирования MIT App Inventor в рамках программы «Цифровой Казахстан» и предлагает подробную информацию о туристических достопримечательностях региона, а также возможность свободно создавать маршрут по городу.  Приложение «Walking in Aktobe» позволяет туристам путешествовать без гида. Пользователи могут легко найти исторические, культурные и природные объекты в черте города. Также с помощью приложения туристы смогут не только проложить маршрут, но и получить информацию о богатой истории и культуре региона. По мнению автора, проект может способствовать развитию туризма в Казахстане в будущем и положительно повлиять на экономический рост области.  Мират планирует в дальнейшем улучшать проект и добавлять новые возможности. Приложение «Walking in Aktobe» вскоре станет популярным инструментом для туристов, путешествующих самостоятельно. Более того, пользователи могут бесплатно скачать его в Play Market и App Store. Данные приложения повысят туристическую привлекательность Актобе и откроют гостям новые возможности для доступного и интересного путешествия по городу.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 143
Категория: 
�����