Мал ұрлығынан сақтаныңыз: полицейлер мал иелері нені білуі тиіс екенін айтып берді
Жыл басынан бері Ақтөбе облысы аумағында 32 мал ұрлығы орын алған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36 пайызға төмен.
Криминалдық полиция қызметкерлерінің мәліметінше, өңірде орын алған мал ұрлығының 70 пайызға жуығы еркін жайылымнан орын алған, яғни қараусыз жүрген малдар қылмыскерлерге оңай олжа болған. Жеке тұлғалардың ғана емес, шаруа қожалықтарының да қараусыз жүрген малдары ұрлыққа жиі ұшыраған.
Мысалы, Хромтау ауданында шаруа қожалығының еркін жайылымнан 16 бас сиырының жоғалу дерегі бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция жануарлардың өрістен жүк көлігімен ұрланғанын анықтап, күдіктіні Ақтөбе қаласында сиырларды сойып жатқан жерінен ұстады.
Биыл Хромтау, Мәртөк, Қобда аудандары аумағында мал ұрлығы көбірек орын алған. Полицейлердің айтуынша, мұндай қылмыстарды ашуда азаматтардың жедел іс-әрекетінің маңызы зор. Малдарының жоғалғаны туралы иелерінің бірнеше күннен, кейде бірнеше айлардан кейін ғана хабарлауы полицияның жедел іс-қимылдарға «ізін суытпай» кірісуіне кері әсер етеді. Дегенмен, бұл іздестіру шараларының үздіксіз жалғаса беруіне кедергі емес.
Мысалы, ағымдағы жылдың қараша айында өткен «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер өткен жылы Әйтеке би ауданында шаруа қожалықтарының бірінен 8 бас асыл тұқымды қойды ұрлаған азаматты анықтады. Ауыл тұрғыны ұрланған жануарлардың жартысын сойып алып, қалған төртеуін бүгінгі күнге дейін қорасында жасырып ұстаған.
«Мал ұрлығының алдын алу үшін, ең алдымен малды қараусыз қалдырмау қажет. Сондықтан мал иелеріне жергілікті әкімдік және бақташымен бірге үш жақты келісім жасауға кеңес береміз. Сонда бақташы әкімдіктен де жалақы алады, әрі материалдық жауапкершілікте болады. Сонымен қатар, жоғалған малдарды іздеу кезінде олардың таңбаларының болуы және базада тіркелген болуы аса маңызды» - дейді Ақтөбе облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Алтынбек Жабаев.
Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық заңнамаға сәйкес мал ұрлығы үшін мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Скотокрадство: что должны знать владельцы животных рассказали в полиции
В Актюбинской области наблюдается снижение числа краж скота, что связано с более активной работой полиции и рядом профилактических мероприятий. С начала года зафиксировано 32 случая скотокрадства, что на 36% меньше по сравнению с прошлым годом. Однако проблемы с кражами остаются актуальными, особенно из-за безнадзорного скота, который становится легкой добычей для преступников. Чаще всего такие преступления происходят на вольных выпасах, где животные не охраняются.
По данным сотрудников криминальной полиции, в большинстве случаев жертвами скотокрадства становятся как физические лица, так и владельцы крестьянских хозяйств, которые оставляют своих животных без присмотра. Так, в Хромтауском районе была раскрыта кража 16 голов крупного рогатого скота, которые были украдены с вольного выпаса и вывезены на грузовом автомобиле. Преступника удалось задержать, когда он забивал животных в Актобе.
Полиция акцентирует внимание на важности оперативности в сообщении о пропаже животных. Задержка с заявлением на несколько дней затрудняет возможность поймать преступников "по горячим следам". Однако это не является препятствием для продолжения оперативно-розыскных мероприятий.
К примеру, в ноябре т.г. во время проведения оперативно-профилактического мероприятия «Скотокрад», полицейские установили сельчанина, который в прошлом году в Айтекебийском районе похитил у одного из крестьянских хозяйств 8 голов племенных овец, половину которых забил, остальные четыре по сегодняшний день держал в своем сарае.
Кроме того, участились случаи краж в таких районах, как Хромтауский, Мартукский и Кобдинский.
«Для предотвращения краж рекомендуем владельцам заключать трехсторонние соглашения, которые включают владельцев животных, пастухов и местные акиматы. При таких соглашениях пастухи получают зарплату от акимата и несут материальную ответственность за животных. Также очень важно, чтобы скот был таврирован и зарегистрирован в базе, что помогает в случае расследования кражи», - говорит старший оперуполномоченный Управления криминальной полиции ДП Актюбинской области Алтынбек Жабаев.