«Ақтөбе облысы ынтымақтастыққа әрқашан ашық және түрлі салаларда бірлескен жобаларды дамытуға әзір. Біздің серіктестігіміз екі тарап үшін де айтарлықтай тиімді болатынына сенімдіміз және жаңа жобаларды табысты жүзеге асыру үшін барлық қажетті мемлекеттік қолдауды ұсынуға дайынбыз»,- деп сендірді әкім. Асхат Шахаров Ақтөбе облысы Қазақстанның ірі аграрлық-индустриялық өңірі екенін, Ресеймен саудада тұрақты өсім көрсетіп отырғанын алға тартты. Биылғыжылдың тоғыз айында ғана біздің тауар айналымы 23%-ға өсіп, 1,2 млрд АҚШ долларына жетті. Облыс Ресейдің 47 өңірімен белсенді ынтымақтастықта. Негізгі серіктестер - Свердловск, Челябі, Орынбор облыстары, Мәскеу және Башқұртстан. 700-ден астам ресейлік компания Ақтөбе облысында жұмыс істейді. Соңғы бес жылда Ақтөбе өңірінің экономикасына 12 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды. Новотроицкий хром қосылыстары зауыты, Тихвин ферроқорытпа зауыты және Ключев ферроқорытпа зауытымен қолға алынған жобалар - табысты ынтымақтастықтың үлгісі. Облыс жаңа ірі логистикалық және өнеркәсіптік жобаларға барынша мемлекеттік қолдау көрсетуге дайын.
«Ақтөбе облысы арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» сияқты маңызды магистраль өтеді. Өткізу пункттерін, атап айтқанда, «Жайсаң-Сағаршын» және «Жиренқопа-Первомайское» жаңғырту жүргізілуде. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы аймақтың транзиттік әлеуетін нығайтады. Сонымен қатар, өңірдегі Хромтау қаласында 150 га аумақта индустриялық аймақ және әуежай ауданында 858 га аумақта арнайы экономикалық аймақ құрылуда, ол мультимодальді көлік-логистикалық хабқа айналады. Ақтөбе әуежайы жыл сайын айналымы 10 мың тонна жүк тасымалы бойынша Қазақстанда екінші орында тұр және жаңа бағыттармен әуе қатынасын дамытуды жалғастыруда»,- деді өңірдің инвестициялық тартымдылығын атап өткен әкім.
«Актюбинская область открыта для сотрудничества и готова развивать совместные проекты в различных сферах. Мы уверены, что наше партнерство принесет значительные выгоды для обеих сторон и готовы предоставить всю необходимую государственную поддержку для успешной реализации новых проектов»,- заверил аким. Асхат Шахаров отметил, что Актюбинская область, являясь крупным аграрно-индустриальным регионом Казахстана, демонстрирует устойчивый рост в торговле с Россией. Только за девять месяцев текущего года наш товарооборот вырос на 23%, достигнув 1,2 млрд долларов США. Область активно сотрудничает с 47 регионами России. Основные партнеры - Свердловская, Челябинская, Оренбургская области, Москва и Башкортостан. Более 700 российских компаний ведут деятельность в Актюбинской области. За последние пять лет в экономику нашего региона привлечено более 12 млрд долларов США инвестиций. Примером успешного сотрудничества служат проекты с Новотроицким заводом хромовых соединений, Тихвинским ферросплавным заводом и Ключевским заводом ферросплавов. Область готова предложить максимальную государственную поддержку новым крупным логистическим и промышленным проектам.
«Через Актюбинскую область проходят важные магистрали, такие как «Западная Европа – Западный Китай». Проводится модернизация пунктов пропуска, в частности, «Жайсан-Сагарчин» и «Жиренкопа-Первомайское». Это укрепит транзитный потенциал региона между Европой и Азией. К тому же, в регионе создаются индустриальная зона в городе Хромтау на площади 150 га и специальная экономическая зона на районе аэропорта на площади 858 га, которая станет мультимодальным транспортно-логистическим хабом. Аэропорт Актобе занимает второе место в Казахстане по грузовым перевозкам с оборотом в 10 тысяч тонн ежегодно и продолжает развивать авиасообщение с новыми направлениями»,- обрисовал инвестиционную привлекательность региона аким.
Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi