Ақтөбеде мас жүргізуші патрульге пара беруге тырысты
Оқиға 27 қарашаға қараған түні орын алды. Патрульдік полиция инспекторы қызмет атқару кезінде “Хундай Элантра” автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушіден алкогольдің өткір иісін байқаған полицей оны медициналық тексеруге жіберген.
Куәландыру нәтижелері тәртіп сақшысының болжамдарын растады. Мас күйінде көлік құралын басқарған 52 жастағы жүргізушіге қатысты құжаттар рәсімдеу кезінде құқық бұзушы хаттама толтырмауды сұрап, инспекторға ақша ұсынған.
Полицей дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырып, пара бергені үшін жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Автомобиль коммуналдық тұраққа қойылып, жүргізуші қамауға алынды.
Енді ақтөбелік тек мас күйінде көлік жүргізгені үшін ғана емес, лауазымды адамға пара беруге тырысқаны үшін де жауап береді. Оған бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін.
Пьяный водитель пытался подкупить патрульного в Актобе
Инцидент произошел ночью 27 ноября. Инспектор патрульной полиции при несении службы остановил автомобиль “Хундай Элантра”. У водителя был замечен резкий запах алкоголя, и он был направлен на медицинскую экспертизу. Результаты освидетельствования подтвердили предположения патрульного.
Во время составления протокола по факту управление транспортным средством в состоянии алкогольного опьянения 52-летний водитель предложил инспектору деньги за несоставление административного протокола.
Полицейский незамедлительно вызвал следственно-оперативную группу на место происшествия. За дачу взятки в отношении водителя возбуждено уголовное дело. Автомобиль помещён на коммунальную стоянку. Водитель задержан.
Теперь мужчине придется отвечать не только за пьяную езду, но и за попытку дать взятку должностному лицу. Ему грозит уголовное наказание в виде лишения свободы на срок до пяти лет, с конфискацией имущества.
Источник.https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/p/DC9EQ3IsyVT/