Развитие сельских школ: в области обновлено 226 школ на сумму 8,2 млрд тенге

Ауыл мектептерін дамыту: өңірде 226 ауыл мектебін қайта жаңартуға 8,2 млрд. теңге жұмсалды Ауыл мектептерін дамыту мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.  Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан ауылдық мектептердің әлеуетін жақсартуда қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты. Ақтөбе облысындағы 434 мектептің 280-і (немесе 70%) – ауыл мектебі болса, оның 201-і (46%) – шағын жинақты.  Жайық Сұлтан ауыл мектептерінің негізгі проблемаларын тоқталып өтті. Олардың ішінде кадр тапшылығы және педагогтердің сапалық құрамының төмендігі, сондай-ақ инфрақұрылымдық проблемалар бар.  Аталған мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізілген. Соңғы үш жылда 1030 орындық 8 ауылдық мектеп пайдалануға берілді. 10 ауылда 2350 орындық жаңа мектептер салынуда, олардың үшеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеруде. Білім сапасы да айтарлықтай жақсарған.

«Мемлекет басшысының «Шағын қалалар мен ауылдардағы 1000 мектепті  жаңғырту» тапсырмасына сәйкес өңірде 226 ауыл мектебі 8,2 млрд. теңгеге жаңғыртылды. Қалғаны 2025 жылдың соңына дейін толықтай қамтылады. 2023-2024 оқу жылында өңірде «Цифрлық технологияларды пайдалана  отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасы іске асырылды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылай қолдауымен пилоттық жобаға кірген  шағын жинақты мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылды.  Бұған дейін интернет жылдамдығын арттырудың техникалық мүмкіндігі болмаған 46 мектеп Starlink жүйесіне қосылды. Жергілікті бюджеттен жобаға қатысқан 165 педагогтің қосалқы жұмысын ынталандыруға 54,4 млн. теңге үстеме ақы төленді. 1068 мұғалім мен 204 мектеп директоры біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оқыту семинарлары мен вебинарлар өткізілді, әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Нәтижесінде шағын жинақтымектептердегі білім сапасы 4-11%-ға артқан. Онлайн оқытуды интеграциялау арқылы шағын мектептердегі кадр тапшылығы мәселесі шешілді. Ауыл мектептерін дамыту жұмыстары жалғасады»,- деді Жайық Сұлтан.

«Өңірдің басым міндеттерінің бірі – барлық баланың қай жерде тұратындығына қарамастан, қалада немесе ауылдық жерде сапалы білім алуы үшін жағдай жасау. Біз қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім алшақтығы бар екенін көріп келеміз, мәселені шешу – мақсатымыз. Ол үшін ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жоспарлы түрде нығайтып, мұғалімдердің біліктілігін арттырып, заманауи технологияларға қолжеткізуді қамтамасыз етуіміз керек. Ауыл мектептерін дамыту –өңірдің және бүкіл елдің болашағына салынған инвестиция»,- деді әкім кеңес барысында. Асхат Шахаров сонымен қатар ауыл мектептерінің мәселелерін шешуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

Развитие сельских школ: в области обновлено 226 школ на сумму 8,2 млрд тенге Вопрос развития сельских школ рассматривался на аппаратном совещании под председательством акима области Асхата Шахарова.  Руководитель управления образования Жайык Султан рассказал какие меры принимаются для повышения потенциала сельских школ. В Актюбинской области из 434 школ 280 (или 70%) являются сельскими, из них 201 (46%) – малокомплектная школа.  Жайык Султан назвал основные проблемы сельских школ. Среди них кадровый дефицит и низкая квалификация учителей, а также инфраструктурные проблемы.  Для решения этих проблем велась системная работа. За последние три года введены в эксплуатацию 8 сельских школ на 1030 мест. Новые школы на 2350 мест строятся в 10 селах, три из них строятся в рамках нацпроекта «Комфортная школа».Качество образования также значительно улучшилось.

«По поручению Главы государства в рамках проекта «Реконструкция 1000 школ в малых городах и селах» на реконструкцию 226 сельских школ региона выделено 8,2 млрд тенге. По проекту «Развитие потенциала малых сельских школ с использованием цифровых технологий» было отремонтировано 12 опорных и 134 малокомплектных школы. При финансовой поддержке общественного фонда «Қазақстан халқына» была укреплена материально-техническая база данных малокомплектных школ. Обеспечены высокоскоростным интернетом 46 школ, в том числе через систему Starlink. Для стимулирования учителей, задействованных в проекте, выделено 54,4 млн тенге. 1068 учителей и 204 директора школ прошли курсы повышения квалификации. Проведены обучающие семинары и вебинары, разработаны методические рекомендации. В результате ачество образования в малокомплектных школах улучшилось на 4–11%. Решена проблема кадрового дефицита в малых школах через интеграцию онлайн - обучения. Работа по развитию сельских школ будет продолжена»,- рассказал Жайык Султан.

«Одной из приоритетных задач нашего региона является создание условий для получения качественного образования всеми детьми, независимо от того, где они живут: в городе или сельской местности. Мы видим, что образовательный разрыв между городскими и сельскими школами существует, но наша цель преодолеть его. Для этого мы планомерно укрепляем материально-техническую базу сельских школ, повышаем квалификацию учителей и обеспечиваем доступ к современным технологиям. Развитие сельских школ – это инвестиция в будущее нашего региона и всей страны»,- сказал аким в ходе совещания.  Асхат Шахаров также раздал ряд поручений, направленных на решение проблем сельских школ и повышение качества образования.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 103
Категория: 
�����