Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков Ресейдің Орынбор облысымен және Қазақстанның алты облысымен шектесетін аймақтың географиялық жағынан қолайлы орналасуына тоқталды. Ведомство басшысы атап өткендей, бұл шекаралық сауданы кеңейтуге және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қолайлы жағдай туғызуда. 2024 жылдың тоғыз айында Ақтөбе облысын қоса алғанда Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23 пайызға өсіп, 1,2 миллиард долларға жетті. Аймақтың халықаралық сауда мен логистиканың маңызды буынына айналуына ықпал ететін трансшекаралық хабтарды белсенді дамыту жоспарлануда. Ә.Молдағұлова атындағы әуежайда АЭА құру инвесторларға, бизнеске және халықаралық ұйымдарға жаңа мүмкіндіктер беретін осы стратегиядағы маңызды қадам болмақ.
«Арнайы экономикалық аймақ құру жобасы облыстың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған және Ақтөбе облысының транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Көлік-логистика саласында тоғыз негізгі саланы және өнеркәсіптегі 29 саланы құру жоспарлануда, бұл өңірдің одан әрі дамуын қамтамасыз етіп, шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді»,— деді Досжан Әлібеков.
Руководитель управления индустриально-инновационного развития Актюбинской области Досжан Алибеков подчеркнул выгодное географическое расположение региона, который граничит с Оренбургской областью России и шестью областями Казахстана. Как отметил руководитель управления, это создает благоприятные условия для расширения трансграничной торговли и укрепления экономического сотрудничества. За первые девять месяцев 2024 года товарооборот между Казахстаном и Россией, включая Актюбинскую область, увеличился на 23%, достигнув 1,2 миллиарда долларов США. Планируется активное развитие трансграничных хабов, что поможет региону стать важным звеном международной торговли и логистики. Создание СЭЗ в аэропорту А. Молдагуловой станет важным шагом в этой стратегии, предоставляя новые возможности для инвесторов, бизнеса и международных партнеров.
«Проект по созданию Специальной экономической зоны направлен на развитие транспортной и логистической инфраструктуры региона и значительно увеличит транзитный потенциал Актюбинской области. Планируется создание девяти ключевых отраслей в сфере транспортно-логистического направления и 29-ти отраслей промышленности, что обеспечит дальнейшее развитие региона и привлечение иностранных инвестиций»,- сообщил Досжан Алибеков.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi